«Оқы да бөліс»

Дата: 2026-05-05 10:39:52
«Оқы да бөліс»
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ұлттық кітап күніне орай «Оқы да бөліс» тақырыбында қалалық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасында проза және поэзия жанрларына арналған ашық микрофон алаңы ұйымдастырылды.
Ашық микрофон алаңында Қабыхан Сезім, Сәрсенбекова Жанайым, Ермек Нұрқанат, Жақсылық Ділназ өздері оқыған шығармалары туралы еркін форматта пікірін білдіріп, сүйікті кейіпкерлері жайлы әсерлі тұстарымен бөлісті. Поэзия әлеміне Рымхан Әмір, Анишева Еркеназ, Ермек Нұрқанат ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың мазмұнын терең түсіне білді. Белсенділік танытқан оқушылар Балқаш қаласының орталықталық кітапхана жүйесінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ашық микрофон алаңы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге және кітап арқылы рухани дамуына оң әсер етті. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып, олардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз.