Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы
Дата: 2026-05-05 10:31:43
Ұлттық кітап күні орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндік аясында қазіргі қазақ балалар жазушыларына арналған «Шынайы өмір жаршысы» тақырыбында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Tөлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн байқауының «Алтын тұғыр» бас жүлдесінің «Драматургия» номинациясының І орын иегері, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпазы, жазушысы, балалар әдебиетінің бағбаны Төкен Әлжантегімен әдеби кездесу өтті.
Іс- шараны «Шабыт» домбыра үйірмесінің күмбірлеген күйімен ашылып, 3 «В» сынып оқушысы Базарымбет Айлананың әсем әнімен шашу шашылды. Жазушының «Базарлық» кітабы бойынша Ғабиден Жұпар
Айбибі Манатбек, Айжан Тлеутай, Аяла Серікпай шығарма жайлы ойларымен бөліссе, мектеп-лицейішілік «Жас өркен» медиа сыныбының оқушылары қаламгерге сұрақ қойып, сүбелі жауаптар алды.