Размер шрифта:

Балалар журналдары – қызық пен білім көзі

Дата: 2026-05-05 10:09:28
Балалар журналдары – қызық пен білім көзі
Балалар журналдарының тәрбиелік және танымдық маңызын насихаттау, оқушылардың баспасөзге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау мақсатында Ұлттық кітап күні қарсаңында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында бастауыш сынып педагогтарының қатысуымен «Балалар журналдары – қызық пен білім көзі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында ұстаздар балаларға арналған журналдардың мазмұны, олардың білім берудегі рөлі, оқушының ой-өрісін дамытудағы маңызы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, сабақ барысында журнал материалдарын тиімді пайдалану жолдары талқыланып, түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Бастауыш сынып педагогтары балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруда мұндай басылымдардың орны ерекше екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниет білдірді.