Размер шрифта:

«Balkhash STEAM Serpini»

Дата: 2026-05-04 16:28:14
«Balkhash STEAM Serpini»
«Balkhash STEAM Serpini» жобасының қатысушылары – Балқаш қаласының педагогтері PRO.NRG FEST 2026 фестиваліне қатысып қайтты. Тәжірибе алмасу және кәсіби дамуды нығайту мақсатында елордаға қаланың алты мектебінен барлығы 7 мұғалім аттанды.
 
Фестиваль 5 негізгі бағытты қамтыды:
ғылыми-көпшілік;
педагогтерге арналған USTAZ;
Art&Science (өнер мен ғылымның тоғысуы);
экологиялық «Су ритмі»;
жасанды интеллект пен технологиялар.
 
Фестиваль барысында қатысушылар түрлі секцияларға, семинарлар мен шеберлік сағаттарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін айтарлықтай кеңейтті.
 
– Бағыттар бойынша ұйымдастырылған мазмұнды әрі заманауи бағдарлама біз үшін пайдалы болды. Біз білім беру, ғылым және технология саласындағы көптеген идеялармен және тәжірибелермен таныстық. Әр қатысушы өз бағыты бойынша құнды тәжірибе мен жаңа білім жинады, бұл алдағы уақытта қала деңгейінде таратылатын болады, – деп атап өтті «Balkhash STEAM Serpini» жобасының үйлестірушісі, «Робототехника» элективті курсының оқытушысы Ерсұлтан Амантай.
 
Балқаштықтар бұл фестиваль педагогтердің кәсіби дамуына үлкен септігін тигізеді деген ойда