Размер шрифта:

Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Дата: 2026-05-04 15:54:14
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
Бүгін мектеп-лицейімізде маңызды кездесу өтті!
 
Балқаш қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Бакеев Әлібай Қалибекұлы 9–10 сынып оқушыларымен кездесіп, жұқпалы аурулардың алдын алу, соның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Дәріс барысында:
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдары
Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы
Зиянды әрекеттерден аулақ болу қағидалары
Жастардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы
 
Сияқты өзекті тақырыптар қамтылды.
 
Кездесуге 9–10 сыныптардан жалпы 100 оқушы қатысып, пайдалы ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды.
 
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!