Размер шрифта:

Жер асты есірткі саудасы, онлайн алаяқтық және жер асты желілері арқылы есірткі саудасы, қорқыту және кибербуллинг қаупі

Дата: 2026-05-04 10:35:43
Жер асты есірткі саудасы, онлайн алаяқтық және жер асты желілері арқылы есірткі саудасы, қорқыту және кибербуллинг қаупі
Бүгін мектебімізде маңызды тәрбиелік іс-шара өтті
2026 жылғы 10 сәуір күні «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған ауқымды телекөпірге мектебіміздің 9–11 сыныптарынан 120 оқушы қатысып, маңызды ақпараттарға қанықты.
Телекөпір барысында жасөспірімдер үшін өзекті тақырыптар — есірткіні жасырын тарату («закладка») қаупі, интернет-алаяқтық пен дропперлік, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараның ерекшелігі — өмірлік қателіктерінен сабақ алып, өкініш білдірген сотталған азаматтардың шынайы әңгімелері оқушыларға терең ой салып, дұрыс таңдау жасауға бағыт берді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.