Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен спорттық ойындар

Дата: 2026-04-30 10:25:12
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен спорттық ойындар
Көктемгі демалыс кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және әлеуметтік дағдыларын дамыту.
 
Спорттық жаттығулар балалардың көңіл-күйін көтеріп, өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, қатысушылар ойындарға қызығушылықпен қатысып, жағымды эмоциялар алды.