Ученики класса 7Б приняли участие в субботней работе.
Дата: 2026-04-30 10:04:00
Мектебімізде 5, 6, 7, 8 сыныптар арасында сенбілік жұмыстары өткізілді. 7Б сыныбы да сенбілікке белсенді қатысып, өз үлесімізді қостық. Оқушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинады. Сенбіліктің мақсаты – оқушыларды тазалыққа, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сенбілік барысында оқушылар ұйымшылдықпен жұмыс жасап, белсенділік танытты. Нәтижесінде мектеп аумағы тазартылып, ретке келтірілді.