«Көш керуені» – ұлттық рухты ұлықтаған ерекше мереке

Дата: 2026-04-29 15:48:52
«Көш керуені» – ұлттық рухты ұлықтаған ерекше мереке

21 наурыз Ынтымақ күні. Мектеп-лицейімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды шара өтті.
Аттылы жүргіншілер бастаған керуен шеруінде көшті атқа қонған жас батыр бастап, ұлттық рухтың айбынын айшықтай түсті. Оның соңынан «Руханият» аталар, «Асыл қазына» әжелер, «Ұлағат» әкелер, «Парасат» аналар және өнерлі оқушылар мен жас өнерпаздар ілесіп, салт-дәстүріміздің көркем көрінісін паш етті.
Бұл керуен – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Ұлттық мұраны ұлықтаған әрбір сәт көрермен жүрегінен ерекше орын алды