«Адал азамат»
Дата: 2026-04-29 10:39:29
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Наурызнама» онкүндігі тұжырымдамасы шеңберінде 18 наурыз – ұлттық киім күніне орай халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды дарыту,қыз балаларды әдемілікке үйрете отырып, шаш күтуге тәрбиелеу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 2010-2011 оқу жылынан мектеп-лицейішілік «Асыл қазына» әжелер мектебі, «Парасат» аналар мектебі, «Сырғалым» жеңгелер мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы және кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілетін дәстүрлі «Бұрымды қыз-2026» байқауы өтті.
«Бұрымды қыз-2026» сайысында әділқазылар алқасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекина Кулзия Алшымбековна, «Асыл қазына» әжелер мектебінің мүшесі орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Казангапова Рымкуль Шулгаубаевна, ата-ана комитетінің мүшесі Карипбаева Айжан Қалмұратовна, «Қамқоршылық» кеңесі мүшесі Саутбаева Гулбану Абаевна «Парасат» аналар мектебінің мүшесі Құдайбергенова Әсел Бағидоллақызы, «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшесі Әбеу Аружан 9А сынып оқушысы
Нәтижесінде: Амандық Бағым 5 «А» «Ұлттық нақыштағы бұрым», Макашева Аяулым 5 «А» «Өнерлі қыз», Ожанова Гульназ 5 «В» «Руханият жанашыры» , Манатбек Жансая 5 «В» «Ақылына көркі сай», Сейтқалиева Жаннұр 6 «Г» «Шаш күтімінің шебері», Асембек Інжу 7 «Б» «Көрермен көзайымы», Акаева Адия 8 «Ә» «Білімді қыз» номинацияларымен Гасимкулова Азима 6 «Б» 3-орын, Советова Аделя 5 «Б»3-орын, Болатбек Аяжан 9 «Б» 3-орын, Каблет Айару 5 «Ә» 2-орын, Манатбек Айбибі 7 «В» 2-орын, Балтабаева Аделя 7 «В» 1-орын, Манатқали Айша-бибі 6 «В» «Бас жүлде» иеленді.