Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат

Дата: 2026-04-29 10:22:40
16.03.2026 жылы мектеп-лицейімізде «Серілер» ұлдар клубы мен «Қыз Жібек» қыздар клубының оқушыларының қатысуымен халқымыздың көнеден келе жатқан тағылымды дәстүрі – «Ақ құю» рәсімі ұйымдастырылды.
Бұл күн-Жайлау күні, яғни «Жер Ана оянған күн.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрдің мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Дәстүр аясында «Асыл қазына» әжелер мен «Руханият» аталар мектебінің ақ жаулықты әжелері «Ақ құю» дәстүрінің терең мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Әжелеріміз «ақ» сөзінің қазақ дүниетанымындағы тазалықты, адалдықты, мейірімділік пен берекені білдіретін қасиетті ұғым екеніне ерекше тоқталды.
 
Сонымен қатар, «ақ құю» дәстүрі тек ағаштар мен өсімдіктерге ғана арналмайтыны, кей жағдайда адам ауырғанда су орнына беріліп, сауығып кетуіне сеп болатын қасиеті бар екені туралы да қызықты мәліметтер айтылды.
Тағылымды кездесудің соңында жастарымыз үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, аталардың жүрекжарды батасын алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушыларымыз ұлттық салт-дәстүрді құрметтеп, ата мұрасын қастерлеуге тәрбиеленеді.