Жалпы ата-аналар жиналысы

Дата: 2026-04-28 12:06:38
Жалпы ата-аналар жиналысы

Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда оқушылардың қауіпсіздігі, құқықтық тәрбиесі және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу.
Бұл тақырып бойынша Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Тохтиева Г.А. сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол буллингтің қоғамға және бала психологиясына тигізетін кері әсері туралы айтып, ата-аналарға балаларымен тұрақты қарым-қатынас жасап, олардың мектептегі және қоғамдық ортадағы мінез-құлқына назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – нашақорлық пен есірткінің алдын алу.
Бұл мәселе бойынша Балқаш қаласы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Кунарбеков Арман Сайранович баяндама жасады. Ол нашақорлықтың қоғам үшін аса қауіпті індет екенін атап өтіп, оның алдын алу – ұлт болашағын қорғаудың маңызды қадамы екенін жеткізді.
Сонымен қатар, мектеп-лицей медбикесі Жумабекова Назира Дунгенбаевна оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірді. Атап айтқанда:
• денсаулықты сақтау жолдары;
• жеке гигиенаны сақтау;
• иммунитетті нығайту;
• түрлі аурулар мен инфекциялардың алдын алу;
• зиянды әдеттерден аулақ болу;
• қауіпсіз әрі жарқын болашақты жоспарлау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігі айтылды.
Осындай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіз әрі саналы өмір сүруіне жағдай жасау және қоғамды есірткі індетінен қорғау.