Наурыз мерекесінің шуағы мектебімізде!
Дата: 2026-04-28 11:37:13
13.03.2026 күні мектебімізде Наурыз айында өтетін амал, көрісу мерекесіне арналған ерекше шара өтті. Бұл күннің мән-мағынасы мен қазақтың асыл дәстүрлері оқушыларымызға насихатталды.
Шараға «Асыл қазына» әжелер мектебі мен «Руханият» аталар мектебінің құрметті әжелері мен аталары, сондай-ақ 9 сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларымызға Көрісу күнінің қадір-қасиеті көрсетіліп, ата-бабамыздан жеткен құнды мұралармен таныстырылды. Әр сөз, әр әңгіме — ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған асыл қазына.
Ұлттың сан ғасырлар бойы жинақтаған даналығы мен салт-дәстүрі осы күні қайта жаңғырып, әр жүректе махаббат пен құрмет сезімін оятты.