Read. Think. Analyze
Дата: 2026-04-03 16:34:40
Оқу сауаттылығы апталығы аясында мектебімізде нағыз зияткерлер додасы өтті! «Modern education: an honest citizen and culture of reading» тақырыбындағы апталық шеңберінде 8-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Read. Think. Analyze» атты мәтінмен жұмыс ұйымдастырылды.
Сайыстың басты мақсаты:
Оқушылардың ағылшын тіліндегі мәтінді түсіну қабілетін арттыру;
Снитикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамыту;
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және адал азамат тәрбиелеу.
Сайыс барысында оқушылар күрделі мәтіндерді оқып қана қоймай, ондағы негізгі ойды анықтап, логикалық тапсырмаларды орындады. Жасөспірімдер өздерінің тілдік деңгейлері мен танымдық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.