Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті
Дата: 2026-04-03 11:41:01
«Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті» оқу сауаттылығы апталығы аясында 7 «В» сыныбында «Ана тілім – асыл қазынам» атты әдеби-танымдық сынып сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сынып сағатында оқушылар қазақ тілінің мәртебесі, оның ұлт болашағындағы орны туралы ой бөлісіп, көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, әдеби сұрақ-жауап сайысына белсенді қатысты.
Ана тілін ардақтау – әрбір адал азаматтың парызы.
Кітап оқу арқылы рухани байып, саналы ұрпақ қалыптастыру – басты міндетіміз!