Мейірімділік — адамдықтың белгісі!
Дата: 2026-04-02 17:00:03
Бүгін мектеп-лицейімізде ұстаздар қауымы мен мектеп ұжымының ұйытқы болуымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара аясында көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл бастаманың басты мақсаты — қоғамда өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Қайырымды іске атсалысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Жақсылық жасап жарысайық!