Болашақ арулардың жауапкершілігі — басты назарда
Дата: 2026-04-02 14:48:07
Болашақ арулардың жауапкершілігі — басты назарда
24.02. 2026 жоспарға сай 11-сынып қыздарына арналған қыздар жиналысы өтті.
Мектеп-лицей ережесі.
Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі.
Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті алдын алу.
Кешкі 20.00 дан кейін ата-анасыз далаға шықпау.
Жиналыс барысында талқыланған негізгі мәселелер:
Мектеп-лицей ережелері: Оқушы қыздың имиджі, әдебі мен ішкі тәртіпке бағынуы.
Денсаулық пен болашақ: Ерте жүктіліктің физиологиялық және психологиялық салдары.
Тәрбие мен намыс: Қыз баланың қоғамдағы рөлі және өзін-өзі құрметтеуі.
11-сынып түлектері үшін бұл кезең — үлкен өмірге дайындық. Сондықтан әрбір бойжеткен өз денсаулығы мен болашақ тағдырына саналы түрде қарауы тиіс. Біздің мақсатымыз — аруларымыздың білімді, тәрбиелі және салауатты болып өсуіне жағдай жасау.