«Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын»

Дата: 2026-04-02 12:05:35
7Б сыныбында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына арналған «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты өтті.
 
Сабақта Алаш Орда үкіметінің құрылуы, оның тарихи маңызы мен қазақ елінің егемен мемлекет болып қалыптасуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Оқушылар топтық жұмыстар арқылы берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларын ортаға салып, топ жетекшілерімен бірге қорғады.
 
Қорытынды бөлімде оқушылар Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөздерін мәнерлеп айтып, оның елге қызмет ету жолындағы ұстанымын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Алаш арыстарының еңбегін дәріптеу арқылы жастардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екені айтылды.
 
(4) Instagram