«Зейін» педагогикалық жобасы аясында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған вебинарда мектеп-лицейдің химия пәнәінің мұғалімі Ахтанова Бақытгүл Бекболатовна «Химия сабағында зертханалық жұмыстарды құндылықтарға негіздеп жүзеге асыру» тақырыптарын
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қаңтарында «Зейін» педагогикалық жобасы аясында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған вебинарда мектеп-лицейдің химия пәнәінің мұғалімі Ахтанова Бақытгүл Бекболатовна «Химия сабағында зертханалық жұмыстарды құндылықтарға негіздеп жүзеге асыру» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Өмір талабына сай мобильді сабақ мақсатына жету үшін офлайн ғана емес онлайн да эксперименттік жұмыстарды жасауда, әлем елдері қолданып отырған «Olabs» платформасының химия сабақтарындағы тиімділігне тоқталып, оқушыларды бағалаудағы жеңілдіктері мен эксперименттің процедуралық және манипуляциялық дағдыларын, эксперименттің тұжырымдамалары мен түсініктерін, оқушының есеп беру және түсіндіру дағдыларын қалай дамытатындығы жайлы толық ақпар берді.