Мектептегі өзгеріс

Дата: 2015-02-16 12:42:24

 

Мектептегі өзгеріс

 Мектепті дамытуды   жоспарлау

 

 

Мектеп –лицей басшысы ретінде мектептің даму жоспарын осы оқу бағдарламасының негізгі идеясына сүйеніп, еліміздің заманауи білім беру моделі мен әлемдегі білім беру стандартына сәйкес болуын ойластыра отырып  құрдым. Мектептің даму жоспарын мектеп әкімшілігі және ғылыми-әдістемелік кафедра  жетекшілері, «Өзгеріс» шығармашылық тобымен бірлесе , ақылдаса отырып  жүзеге асырдық. Сонымен қатар, деңгейлік курс бағдарламасының ІІ деңгейін бітірген мұғалімдердің кәсіби қолдауы да өз үлесін қосты.

МДЖ мақсаты:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ете отырып, бағалауды тиімді қолдану. 

Кәсіби және желілік қауымдастықтар арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен мәдениетін дамыту.

Мұғалімнің кәсіби дамуы

 

 

 

 

 

 

Қай кезде болмасын, қандай реформалар жүрмесін оны іс жүзінде жүзеге асыратын мұғалімдер. Қазақстан Республикасының  білім саласында жүргізіліп жатқан қарқынды өзгерістер мұғалімнің шығармашылдық ерен еңбегімен атқарылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдер оқушыларды тиімді және табысты оқуға жетеледі. Мектеп-лицей мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі қауымдастықтар, коучинг-семинар, коучинг-сессиялар, тізбектелген сабақтар топтамасын тиімді қолдану арқылы дамыды. Педагогтардың  кәсіби дамуына «Жарқын белес» желілік қоғамдастығы және бастауыш сынып мұғалімдерінің «Бастау», негізгі нысаналы сыныптардағы мұғалімдердің «Зерде», «Пифагор» кәсіби қоғамдастықтары арқылы ықпал ете отырып,  оқыту мен оқу үрдісіне толыққанды өзгерістер енді. Осы жағымды оң өзгерістер мектеп-лицейдегі басқа да сертификатталмаған мұғалімдердің қызығушылығын тудырып, олардың деңгейлік курс бағдарламасы бойынша курстарға барып білімдерін жетілдіру ниеттерін оятты.

Бағдарламаның негізгі идеяларын МДЖ арқылы қадам-қадаммен іске асыру барысында мектептің даму бағдарын «мектеп-лицей» мәртебесіне сәйкестендіріп, өз даму моделімізді бірлесіп жасадық. Оған негіз болған тиімді көшбасшысының 5 факторы. Генри Фордтың «Командалық жұмыс – ортақ ұстаным  тұрғысынан бірлесіп жұмыс істеу қабілеті, жеке жетістіктерді ұйым мақсатына бағыттай алу қабілеті. Бұл – қарапайым адамдарға күтпеген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жанармай» деген ойы мектептегі тәжірибе барысында мектеп дамуының жарқын бейнесі болды.

 

 

Оқушының дамуы

 

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ете отырып, бағалауды тиімді қолдану» басымдығы мектептегі тәжірибе кезеңінде оқу қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Халықаралық және еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибелерін зерделей отыра, біз де бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа енгіздік. Осының ішінде, критериалды бағалау – формативті, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалау арқылы іске асырылады. Формативті бағалау мұғалімдерге оқу бағдарламасын оқушылар қаншалықты меңгергендігін айқындауға және күнделікті оқу нәтижелерін бағалауға мүмкіндік берді. Б. Блум таксономиясының 6 өлшемін қолдана отырып, бағалау үрдісі тәжірибеге енді. Әрбір оқушының өзін-өзі бағалауға қатысуы, өз білімін жақсарта алу сенімділігі, өздерінің қандай сатыда тұрғандығын біліп, өзін–өзі бағалап, өзгелерді бағалап, мұғалімдер мен оқушылар арасында қарым-қатынас арта түсті. Сонымен қатар топтық жұмыс барысында оқушылардың өзінің оқуына деген жауапкершілік түсініктері, бірлесе жұмыс істеу, ой-пікірімен алмаса білу, бір-бірін тыңдай білу, өзін және өзгені бағалай алу, көшбасшылық қабілеттерін шыңдау қалыптасып дамыды. Бағалау өздігінен реттелетін өнімді оқуға жетеледі.

 

 

Ата-аналардың тартылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп – қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып жандануының қайнар көзі десек,               ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне  тартудың жүйелі жолдарын сенімді әріптестік моделін құру арқылы іске асырдық.«Шаңырақ» қауымдастығына біріккен ата-аналардың бала тәрбиесіне, мектепке, мұғалімге деген көзқарастары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Педагогикалық тәсілдер арқылы жаңа форматта ұйымдастырылған іс-шараларды бірлесіп өткізу өзара сенім және ынтымақ бірлігімізді арттырды.

Ата-аналар қауымдастығын мектеп-лицейде жүргізіліп жатқан іс-шараларға тарту мақсатында және бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін арттыру үшін сертификатталған мұғалімдердің сынып жетекшілерімен бірлесе өткізген семинарлары,семинар-тренингтері, коучинг-сессиялары үлкен ықпал етті. Ата-аналардың  білім ордасына деген көзқарасы бұрынғыдан да жақсарды, олардан алынған кері байланыстан байқағанымыз балаларының топтық жұмыс арқылы белсенділігінің артқанын көрсетті.