КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Дубирбекова К.Ш., мектеп-лицей директоры
Жунус Н.Г., инновациялық ісі жөніндегі орынбасары
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Жаңа ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың жағдайында 12 жылдық білім беру мазмұнын жүзеге асыру. 12 жылдық оқытудың басты бағыты, бейіндік оқытуды ұйымдастыру, білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Мектеп-лицейдегі бейіндік оқыту әдісі әт түрлі категориялы оқушылардың ынта-ықыласы, талап-тілегі, қабілет-қарымына, бейімділігіне қарай толыққанды білім алуға қол жеткізу және оқу сапасын арттыруға бағытталған.Бейімдеу де өзге процестер секілді қолданылған әрбір іс-әрекеттің тиімділігін, сапасын бақылап, қадағалап отыруды, күтілетін нәтижелерді айқындауда талап етеді. Жүйелі түрде мониторинг зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы бейіндік оқытудың жай-күйін білуге болады. Бейіндік оқытудың сапасы мектеп-лицейдің сыртқы өзгерістерге, қоғам талап-тілектеріне, әлеуметтік тапсырысқа қаншалықты деңгейде жауап бере алатынындығына, педагогикалық әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімділігіне байланысты.
Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты қолданбалы курстар арқылы мектеп түлектерінің бейіміне қарай, таңдау пәндерінен білімдерін тереңдету, толықтыру, олқылықтарын түзету, ҰБТ-ға жан-жақты дайындау, болашақ мамандықтарына кәсіби анықталуын, бейімделуін қарастырады..
Сол себепті ҰБТ-ға кешенді дайындық бағдарламасында:
· Білім деңгейініңдиагностикасы (модульдік тестілеу)
· Психологиялық қолдау
· Тестілеу техникасы
· Кәсіптік бағдар
· Ай сайынғы байқау сынақтары
· Жеке даму траекториясы бойынша жүзеге асады.
Бейіндік оқытудың ресурстық орталығын кадрмен қамтамасыз ету- оның басымдылығы. Мектеп-лицейдің ғылыми-әдістемелік қызметі педагогтардың кәсіби өсуін, кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін жетілдіруін басты назарда ұстайды. Бейіндік сыныптарда қызмет ететін мұғалімдер жоғары және бірінші санатты, қолданбалы, таңдау курстары, бейіндік пәндерден авторлық бағдарламалары және ОӘК бар шығармашыл тұлғалар. «Абайтану», «Тіл білімі» , «Полиглот» , «Генетика негіздері», «Квант», «Тарих толқынында», «Нанохимия. Нанотехнология», «Күрделі есептердегі математика», «Өз болашағының менеджері» бағдарламалары жоғары сынып оқушыларының сұранысын қанағаттандыруда.
Мектеп-лицейдің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытын таңдаушылардың саны көбейе түсуде. Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытын таңдауы ҰБТ-ға сапалы дайындалып, келешекте техникалық, ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына түсуді межелеп отырғандықтары көрінеді. Мұны орта мектепті бітірушілердің жұмысқа орналасуы да олардың басым көпшілігі мектептен кейін өз білімдерін жаратылыстану-математика бағыты бойынша одан әрі жалғастырады.
Инновациялық мектептегі оқу процесінің және кәсіптік бағдар берудің мақсаты- оқушылардың өзі тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруына жол ашу. Бұл олардың өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өз жолын өзі таңдау арқылы, өзін оқу қызметінің субъектісі деп біліп, оқу үлгерімінде өз әлеуетін дамыту арқылы жүзеге асады. Инновациялық мектептерде оқыту мақсаты нақты білім берумен қатар, оқушыларға оны күнделікті өмірде қолдана білуді үйрету, оның түрлі жолдарын іздестіруге бағыт-бағдар беру болып табылады.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы ЫбырайАлтынсаринның (1841-1889) демократиялық - ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты – қолөнер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.
Біздің аймақта әлеуметтік серіктестіктің дамуына байланысты нақты мамандықтар бойынша өндірістік практика үшін орындар әзірлеп, соңынан жұмысқа орналастыру мүмкіндігі молая түсті. «ҚР халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» және «Балқаш сервис колледжі» Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі және еңбекпен қамту орталығымен бірлесе отырып бірнеше рет «дөңгелек үстел», кездесулер ұйымдастырды. Қаламыздағы еңбекпен қамту орталығы жыл сайын дәстүрлі мамандар жәрмеңкесін ұйымдастыра отырып, кооледж бітірушілерін еңбекке орналастыру жұмыстарын жүргізуде. 20114-2015 оқу жылында осы аталған колледждермен келісім-шартқа отырып оқытушылар әзірлеген «Артифисер» , «Компьютерлік модельдеу», «Ресторатор» бағдарламалары бойынша «Автослесарь», «ЭЕМ операторы», «Аспазшы» мамандықтарымен 7-8 сынып оқушылары мектеп қабырғасында жүріп оларды игеріп, қыр-сырымен танысуда.Бейіналды дайындықбойынша 2011-2012 оқу жылы- 45ұлбала , 2012-2013 оқу жылы 31 ұл бала, 2013-2014 оқу жылы 43 ұл бала «Қазақстан Респбуликасының халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде мамандықтарды игеріп, «Автослесаррь» және «ЭЕМ операторы» мамандықтары бойынша 2 жылдықкурстыңкуәлігін алып шықты. Бұл дегеніміз Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдара арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген дуальдық білім беруді дамытудың бірден-бір жолы.
Өндірістік шеберханаларда оқушылар жұмыс операцияларын орындаудың әуелгі практикалық дағдыларын бойына сіңіреді. Бұл базалық кәсіпорындарда бастапқы жұмысшы мамандығын алу үшін емтихан тапсыру кезінде қажет болады. Өндірістік оқытып-үйрету бағыттары колледждің слесарлық-механикалық шеберханаларында, АКТ орталықтарында өтеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әлеуметтік- серіктестікті дамыту проблемалары мен перспективалары жөнінде мектептің қамқоршылық кеңесі ынталы.Мұндай өзара әрекеттестік білім беру саласы мен колледждер және ЖОО арасында тиімді диалогқа және ынтымақтастыққа жол ашты.Назарбаев Университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті, Астанадағы Лев Гумилев атындағы Евразиялық Университет, Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық Университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетімен мектеп-лицей әлеуметтік- серіктестік тығыз байланыста. Сонымен қатар Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестікпен өзара әлеуметтік-әріптестік аясында қыруар жұмыстар атқарылуда. Бұндай әлеуметтік-серіктестік жобалар мектеп-лицей оқышыларының өзін-өзі дамытуына, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына, өмірге бейімделуіне, әлеуметтенуіне, өз жолын табуына, білімдерін тереңдетуіне және оны іс-тәжірибеде байланыстыра алуына зор ықпал жасауда.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келіп 9-10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, кездескен колледж, университет оқытушылары
2013-2014 оқу жылы
№ |
оқытушының аты-жөні |
оқу орны |
келген күні |
1. |
Тюнин И.Д.,Портнов В.С. Кызыров К.Б. |
ҚарМТУ |
13.11.13 |
2. |
Алуа Рудар, Мадина (қабылдау департаментінің консультанттары) |
Назарбаев Университеті |
26.11.13 |
3. |
Жукеев Төлеухан Базарханұлы |
КЭУ Қарағанды экономикалық университеті |
28.11.13 |
4. |
Қожақов Даулет Асанханұлы , тарих пәнінің оқытушысы |
Көпсалалы колледж |
27.01.14 |
5. |
Мустафина Мақпал Жумахановна, тарих пәнінің оқытушысы |
Көпсалалы колледж |
27.01.14 |
6. |
Смагулова Сауле Махметовна, өндірістік оқыту шебері |
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы БТК |
27.01.14 |
7. |
Салгиева Маржан Танирбергеновна, өндірістік оқыту шебері |
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы БТК |
27.01.14 |
8. |
Смагулова Сауле Махметовна, өндірістік оқыту шебері |
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы БТК- |
24.02..14 |
9. |
Салгиева Маржан Танирбергеновна, өндірістік оқыту шебері |
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы БТК- |
24.02.14 |
10. |
Акимова Жанаргуль Абеугалиевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы |
Балқаш политехникалық колледжі |
07.04.14 |
11. |
Мукашев Ниязбек Сиязбекович, механик |
Балқаш политехникалық колледжі |
07.04.14 |
12. |
Ахметова Арай Оралбековна, физика пәнінің оқытушысы |
Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледжі |
07.04.14 |
13. |
Ершнева Жұлдызай Молдыбаевна, физика пәнінің оқытушысы |
Академик Ж.С.Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледжі |
07.04.14 |
Биылғы оқу жылында биология пәнінің мұғалімі Бақытқызы Перузия және 9-сынып оқушысы Қабдуахит Дарын «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестікпен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы» факультеті ұйымдастырған кеңейтілген дөңгелек үстел жұмысына қатысып, тәжірибе алмасып, ой жинақтап қайтты. 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика бағыты бойынша ҚарМУ ұйымдастырған облыстық Президенттік олимпиадаға қатысып, білім деңгейлерін тексеріп, шыңдады.Мектеп-лицейдің кітапхана меңгерушісі Башарова Гүлнар Тайкеновна мен 11-сынып оқушысы Өмірбаев Абылайхан Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат агенттігі және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, үлкен әсермен оралды. Еліміздегі баспасөз ақпараттық құралдарының мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, қоғамның тыныс-тіршілігін, әр түрлі салалардағы жобалар, өзгерістер мен трансформациялардың қалай жүріп жатқанын, халықтың әлеуметтік жағдайы, хал-ахуалы туралы маңызды да өзекті мәселелерді шынай да толық хабардар етіп отырған журналистер қауымының атқарар жұмыстары жетерлік. Кезінде Лев Толстой: «Журналистер- қоғамның ар-ұяты» деп бекер айтпаған. Яғни, журналист мамандығының қоғамда алар орныерекше. Осыған байланысты мектеп-лицейде «Жас өркен» оқушылардың баспасөз орталығының ашылып, өз деңгейінде жұмыс істеуі қуантарлық жағдай. Жас өспірімдер, журналист мамандығына бейім оқушылар, қазірдің өзінде көкейкесті ойларын, мектеп-лицейде болып жатқан іс-шараларды зерделеп, мақалаларын қалалық, аймақтық баспасөз беттеріне жариялап, өз білімдерін шыңдауда. Олар қыр-сыры мол журналист мамандығының қаншалықты қызықты да, жауапты екендігін жете түсінуде. Оқушылардың тіл құдіретін жас кезінен сезініп өсуі, әдеби мұраларды екшелеп, ой-талғамдарын жетілдіру арқасында болашақ кәсіптерін филология және журналистика мамандықтарымен байланыстырған талантты түлектеріміз Айтжанова Ғалия Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі филология факультетінің ІІ курс студенті болса, Ақпарова Жұлдыз осы университеттің журналистика факльтетінің ІІІ курс студенті.
Мектеп-лицейдегі кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде, жүйелі жүргізіледі. Оқушар арасындағы мамандық таңдауда олардың сұраныстарын қанағаттандыратын түрлі сауалнамалар, дебат-пікірталастар, дәстүрлі «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», «Мамандықтар шеруі» тақырыбындағы сынып сағаттар байқауы, қаламыздағы өз ісінің мамандарымен кездесулер, дөңгелек үстел, кәсіпорындарға, колледж, университтерге экскурсиялар үнемі жүргізіледі. Төмендегі кестеде оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында былтырғы оқу жылында атқарылған жұмыстар берілген.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2013-2014 оқу жылы жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстары
№ |
Іс-шаралардың аталуы мен саны |
мерзімі |
қатысқан оқушы саны |
жауапты адамдар |
әзірлемелер мен таратпа материалдардың саны |
жүргізілген жұмыстың нәтижесі |
1. |
2013-2014 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын бекіту |
01.09.2013 |
|
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
|
жоспардың болуы, бекіту |
2. |
«Мамандық таңдау өз қолыңда», «Кәсіптік бағдар беру» стендтерін әзірлеу |
қыркүйек |
|
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
|
стендтің болуы |
3. |
9-10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, кездескен колледж, университеттер 1.ҚарМТУ 2.Назарбаев Университеті 3.ҚЭУ |
13.11.2013 26.11.2013
28.11.2013 |
44 оқушы |
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
44 |
кездесудің өтуі |
4. |
4.Көпсалалы колледж 5.БТК
|
27.012014 27.01.2014 |
74 оқушы |
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
|
кездесудің өтуі |
5. |
6.БТК |
24.02.2014 |
74 оқушы |
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
37 |
кездесудің өтуі |
6. |
7.Балқаш политехникалық колледж |
07.04.2014 |
74 оқушы |
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. |
37 |
кездесудің өтуі |
7. |
Мамандық таңдауға дайындығын анықтау мақсатында 7-11 сыныптарға арналған сауалнама |
26- желтоқсан |
236 оқушы |
Жунус Н.Г. |
|
сауалнамаға анализ жасалды, қорытындысы ДЖЖ –та мұғалімдерге, сынып жетекшілерін жеткізілді |
8. |
«Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» республикалық жоба аясында өткізілген «Өзін-өзі тану » апталығында 5-9 сыныптарда «Мамандықтар шеруі» сынып сағаттарының байқауы |
ақпан |
|
Жунус Н.Г., сынып жетекшілер |
сынып сағаттарының материалдары файлдық папка |
Анализ жасалынып, қорытындысы бойынша «Үзді сынып сағаты» номинациясымен марапатталды |
9. |
Рухани-ізгілікті педагогика мектебі» республикалық жоба аясында өткізілген «Өзін-өзі тану » апталығында «Өзін-өзі тану » апталығы кезінде 10-11 сынып оқушыларымен сауалнама жүргізілді |
ақпан |
44 оқушы |
Жунус Н.Г., сынып жетекшілері |
|
сауалнамаға анализ жасалынды |
10. |
9А,Ә,Б сынып оқушылары арасында «Мамандықты дұрыс таңда!» дебаты өтті |
ақпан |
|
Амирова А.А., Айдарбекова П. |
|
дебат өткізілді |
11. |
Кәсіптік бағдар беру бойынша 7-8 сынып оқушыларынан БТК және БСК-гі мамандықтар бойынша сауалнама |
ақпан |
7-8 сынып оқушылары |
Жунус Н.Г. |
|
сауалнамаға анализ жасалды, қорытындысы ДЖЖ –та мұғалімдерге, сынып жетекшілерін жеткізілді |
12. |
Кәсіптік бағдар беру бойынша 7-8 сынып оқушыларынан БТК және БСК-гі мамандықтар бойынша сауалнама |
мамыр |
7-8 сынып оқушылары |
Жунус Н.Г. |
|
сауалнамаға анализ жасалды, қорытындысы ДЖЖ –та мұғалімдерге, сынып жетекшілерін жеткізілді |
13. |
Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік жиналыс |
19-сәуір |
9-11 сынып оқушыларының ата-аналары |
Аблайханов Б.М. Жунус Н.Г. Койшыгарника А.К. |
|
ата-аналар жиналысы өтті |
14. |
9-сынып оқушылары академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжі ұйымдастырған олимпиадасына қатысты |
мамыр |
45 оқушы |
Жунус Н.Г., |
|
9- оқушы оқу гранттарына ие болды |
15. |
9-сынып оқушылары академик «Қазақмыс» корпроациясы политехникалық колледжі ұйымдастырған олимпиадасына қатысты |
мамыр |
33 оқушы |
Жунус Н.Г. |
|
6 оқушы лицей тобының оқу грантына ие болды |
16. |
9-сынып оқушылары Ә.Мусина атныдағы БГТК ұйымдастырған олимпиадасына қатысты |
мамыр |
59 оқушы |
Жунус Н.Г. |
|
10 оқушы оқу гранттарына ие болды |
17. |
«Қазақмыс» корпорациясы поитехникалық колледжі ұйымдастырған халықаралық компьютерлік графика және дизайн байқауы |
24-сәуір |
3 оқушы |
Туяков Е.К |
|
Тұрысбеков Б.,9Б- І орын Слямхан Қ.10А,-ІІ орын Рамазанов А.,10А-ІІІ орын |
18. |
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі ұйымдастырған «Ашық есік» күні |
25-сәуір |
10 оқушы |
Кабылдина П.А. |
|
Ашық есік күніне қатысу |
19. |
9-сынып оқушылары академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжі ұйымдастырған «Ашық есік» күніне қатысты |
мамыр |
10 оқушы |
Койшығарина А.К. |
|
Ашық есік күніне қатысу |
20. |
9-сынып оқушылары Ә.Мусина атындағы БГТК ұйымдастырған «Ашық есік» күні |
мамыр |
10 оқушы |
Жунус Н.Г. |
|
Ашық есік күніне қатысу |
21. |
Балқаш техникалық колледжінде «Автослесарь» және «ЭЕМ операторы» мамандықтарынан екі жылдық курсы бойынша мемлекеттік аттестаттау |
19,21 мамыр |
43 ұл бала |
Жунус Н.Г. |
|
аттестаттауға қатысу |
22. |
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 2013-2014 оқу жылының қорытынды есебі |
мамыр |
|
Жунус Н.Г. |
|
қорытынды есеп, мануал шығару |
ХХ ғасырдың ұлы педагогы А.С.Макаренко былай деп жазған екен: «Бала тәрбиелеу- біздің өміріміздегі ең маңызды кезең. Балаларымыз- еліміздің азаматтары және бүкіл әлемнің азаматтары. Олар тарихты жасайтын болады. Біздің балаларымыз- бұл болашақ әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тәрбиелейді. Балаларымыз тамаша азамат болып өсуі керек, жақсы әке, жақсы ана болуы тиіс. Бірақ бұл да жеткіліксіз: біздің балаларымыз- біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие- біздің қарттығымыз, нашар тәрбие- сорымыз, көз жасымыз, ол өзге адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы кінәміз».
Яғни, қазір біз балаларымызды, оқушыларымызды қалай тәрбиелесек, біздің болашақ қоғамымыз да сондай болмақ. Сондықтан, оқушыларымызда өз ісін, өз білімін дамытуға, , өмір сүре білу қабілеттерін жетілдіруге , өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, мамандықтарын дұрыс таңдауда, мақсат-мұраттарына жетуге деген сенімділік пен қатар қоғам алдындағы жауапкершіліктерін ерте кезден сезіндіруге, жақсы тәлім-тәрбие беругекүш-қуатымызды, ерік-жігерімізді аямайық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақастан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2. Педагогикалық менеджмент журналдары- 2012,2013,2014жж.;
3. Білім беру басшыларының анықтамалығы-2011,2012жж.;
4. Қазақстан мектебі-2013ж.