"ALIKHAN CUP" мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі
14.05.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл, 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Үлы Жеңістің 77 жылдығына арналған 7-8 сынып оқушылары арасындағы "ALIKHAN CUP" мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты мен міндеттері:
Жастар арасында сыни ойлау тұрғысын, шешендік сөз, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамыту;
Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
Жастардың мәдени дамуын ынталандыру және рухани құндылықтарын нығайту;
Қатысушы командалар:
- Сағымұлы Мади, Берікжан Әбілмансұр «Албион» командасы;
- Айтқазы Даяна, Сагантаева Ажар «11» командасы;
- Әліп Әділхан, Тұяқ Ақмырза «Young » командасы;
- Маратбекова Әсел, Ерланұлы Нұрдос «Винсента» командасы;
- Габдулманат Мирас, Бекетова Мадина "067" командасы;
- Кумысханов Арсен, Алхамбаев Исламдияр "Midnight" командасы;
- Сапарбек Тәңірберген, Берік Әмір "Hot pablo" командасы;
-Тұрсынбек Еркежан, Ракишева Аружан "Легион" командасы.
Пікірсайысшылар арасында бәсекелестік рухы сақталды.
Турнир қорытындысы бойынша:
l орын - Сағымұлы Мади, Берікжан Әбілмансұр «Албион» командасы;
ll орын - Айтқазы Даяна, Сагантаева Ажар «11» командасы;
ll орын - Кумысханов Арсен, Алхамбаев Исламдияр "Midnight" командасы;
Төрешілік барысында әр спикерлік балл нәтижесі бойынша турнирдің
"Үздік спикер" номинациясын "11" командасының спикері Айтқазы Даяна иеленді.
Құттықтаймыз!