Размер шрифта:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде 4, 9 - сынып оқушыларының білім беру жетістігін мониторингілеу бойынша пән мұғалімдері мен мектеп-лицей әкімшілігіне және инженер жабдықтаушыларға семинар

Дата: 2022-04-19 11:43:43
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде  4, 9 - сынып оқушыларының білім беру жетістігін мониторингілеу  бойынша пән мұғалімдері мен мектеп-лицей әкімшілігіне және инженер жабдықтаушыларға семинар

18.04.2022 жылы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде  4, 9 - сынып оқушыларының білім беру жетістігін мониторингілеу  бойынша пән мұғалімдері мен мектеп-лицей әкімшілігіне және инженер жабдықтаушыларға семинар жүргізілді. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ-нің 2021-2022 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыдардың білім жетістіктеріне мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі 2022 жылдың 7 сәуірдегі әдістемелік нұсқаулықтағы ережесі бойынша түсіндірілді. 

Компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу;

4-сыныптар үшін:

Оқу сауаттылығы – 10

Математикалық сауаттылық – 12

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8

Максималды балл саны – 30 балл

4-сыныпта – 105 минут (1сағат 45мин), әрбір 25 минут сайын 10 минуттық үзіліс;

9-сыныптар үшін:

Оқу сауаттылығы (қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде) – 30

Математикалық сауаттылық – 13

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 32

Максималды балл саны – 75 балл

9-сыныпта – 170 минут (2сағат 50 мин), әр 35 минут сайын 10 минуттық үзіліс;

Тест болатын кабинеттерде кезекшілік ұйымдастыру;

Тестілеу басталғанға дейін бекітілген Қағидаға сәйкес оқушыларға өткізу қағидалары мен тестілеуді өткізу тәртібін түсіндіру;

Тестілеу күні оқушыларды кабинетке бір-бірден кіргізу;

Бірінші лекті сағат 9.00-де кіргізу, 9.30-да тестілеу басталады. Екінші лекті сағат 14.00-де кіргізіп, 14.30-да тестілеу басталады.

Тестілеу үшін логин, пароль ұсынылады;

Түсіндіру жұмыстарынан кейін оқушылар бағдарламалық жүйеге логин, пароль енгізу арқылы кіреді;

Мұқият оқып, енгізген ақпараттың дұрыстығын тексереді;

9-сынып үшін аты-жөні, логин, ЖСН толтырады.

Тестілеу аяқталғаннан кейін сауалнама сұрақтарына жауап береді;

Тестілеу нәтижесі сауалнама аяқталғаннан кейін мониторда әр оқушы үшін жеке көрсетіледі;

Тестілеу болған күні мектеп-лицейдің басшысы мен мұғалімдері сауалнамадан өтеді;