«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ Әкелер кеңесінің ережесі

Дата: 2014-11-12 04:53:47

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

Әкелер кеңесінің ережесі

1.     Жалпы ережелер

1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.

1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.

1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады.

 

2.     Мақсаты мен міндеттері

2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:

2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.

2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.

 

3.     Әкелер кеңесінің құзіреті

3.1  Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:

-         оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;

-         өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;

-         педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;

-         кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;

 

 

4.     Әкелер кеңесінің құқығы мен жауапкершілігі

4.1. Әкелер кеңесінің құқығы:

-  жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге, шешімдер шығаруға;

- жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алады;

- жасөспірімдерді қоғамға жат мінез құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды, жеке адамдарды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік орындарға шағым жасауға;

- сұрақтарға жауап беру үшін әкелер кеңесі құқық қорғау қызметкерлері, қамқоршы және қорғаншы орындарынан сұрақтарға жауап беру үшін қызметкерлер шақыра алады;

- әкелер кеңесі қабылдаған шешіммен барлық қызығушы адамдар мен жергілікті өзін-өзі басқарушы мекемелер таныса алады.

 

5.     Әкелер кеңесі мүшелері

5.1.Әкелер кеңесі мүшесі болып ата-аналар ұсынған (заңды өкілдері) әкелер бола алады.

5.2. Әкелер кеңесі шақыруымен әкелер кеңесі жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері, ОВД инспекторы, қамқоршылық бөлімінен қызметкерлер қатыса алады.

5.3. Әкелер кеңесінде дауысты тек әкелер кеңесі мүшелері, ГДН инспекторы, қамқоршылық бөлімі өкілі бере алады.

5.4. Отырысты бірінші жиналыста көп дауысқа ие болып сайланған председатель жүргізеді.

5.5. Хаттама жазу үшін кеңес мүшелері ішінен хатшы сайланады.

 

6.     Әкелер кеңесі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

6.1  Әкелер кеңесі отырысы жылдық жоспар бойынша өткізіледі немесе кезектен тыс мәселелерді шешуде жылына 2-ден кем емес.

6.2  Әкелер кеңесі мүшелері мектеп бұйрығымен бекітіледі.

6.3  Әкелер кеңесі отырысы мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда өкілетті болып табылады.

6.4  Әкелер кеңесі шешімін мүшелерінің 50 пайызы дауыс берілгенде қабылданады.

6.5  Әкелер кеңесі хаттамамен рәсімделеді, онда уақыты, қанша адам жиналғаны және қаралған мәселелер көрсетіледі.

6.6  Әкелер кеңесі отырысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды.