«МедиаStart» қалалық викториналық сайыс «Quizizz» платформасында өтті
Дата: 2022-02-07 19:35:15
![«МедиаStart» қалалық викториналық сайыс «Quizizz» платформасында өтті](/media/img/blog/62011f97b69d1.jpeg)
03.02.2022 күні «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы және Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 4 сынып оқушылары арасында «МедиаStart» қалалық викториналық сайыс «Quizizz» платформасында өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту. Цифрлық және аналитикалық дағдыларын қалыптастыру. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыта отырып шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сайысқа қатысып ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар дипломмен марапатталады.