Размер шрифта:

Тақырыбы: «Мектепішілік басқару мен бақылаудағы жаңа көзқарастар»

Дата: 2014-06-06 03:42:41

Тақырыбы: «Мектепішілік басқару мен бақылаудағы жаңа көзқарастар»

Оқу сапасы мен тәрбиені жақсартудағы мектептегі тиімді бөлінген көшбасшылықтың рөлі

Қазіргі заманғы білім беру жүйелерінде жүріп жатқан трансформациялық өзгерістер мұғалімдердің ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарының басшыларының да кәсіби дамуының тұжырымдамалық негіздерін қайта қарап, қайта түйсіну қажеттігін көрсетіп отыр.

Жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде «мұғалімдер мен мектеп басшылары әріптес ретінде жұмыс істеп, әрекет ету үшін тиісті өкілеттіктер берілген және де өзгеріс енгізуге септігін тигізетін қолдау көрсетудің тиімді жүйелеріне қатынай алатын, қолдарында қажетті ақпарат бар» (Andreas Schleicher, OECD, 2011)тиімділігі жоғары білім беру ұйымдарын құру мәселесі маңызды болып отыр.

Қазақстан Республикасында әлемнің озық тәжірибелерін талдау және зерттеу негізінде 2011 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын (бұдан әрі – Деңгейлі бағдарлама) әзірлеп, қолданысқа енгізуде. Аталған Деңгейлі бағдарламаның арқасында мұғалімдер оқытудың тиімді стратегияларын меңгеріп, түрлі педагогикалық тәсілдерді  үйлесіммен қолдануға, т.б. мүмкіндік алып отыр.

Сонымен бірге енгізілген инновацияның толыққанды нәтижесін көру, өзгеріс енгізу үдерісіне мектеп басшыларын тарту, мектеп көшбасшыларын қалыптастырып, команда құру мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы біім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. Бұл Бағдарлама көшбасшылықтың мәні, оның типологиясы, заманауи басшы моделі, мектеп мәдениеті, мектепті дамытуды жоспарлау, кәсіби даму және жеке тұлғалық – кәсіби ахуал, кәсіби қоғамдастықты дамыту мәселелерін қарастыруды көздейді.

Бұл Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру моделі құрылатын негізгі үш бағытты қамтиды:

1.     Директор мен педагогикалық ұжымның өзіндік дамуы.

2.     Мектепті дамыту.

3.     Әлеуметтік және кәсіби әріптестік.

Осылайша, ұсынылып отырған Бағдарлама мектеп басшыларының білім беру ұйымдарының табыстылығы туралы қазіргі түсінікке сай ауқымды білім мен тәжірибелік дағдыларды игеруіне, сондай-ақ енгізілген өзгерістерді басқаруға назар аудартуға бағытталған кешенді іс – шараларды қамтиды.  

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

         Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырутұрғысынан жалпы білім беру жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты

         Үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

·        заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінігін дамыту;

·        директорларда көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру;

·        директорларға өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды, жұмыс түрлерін, әдістер мен тәсілдерді үйрету;

·        кәсіби және әлеуметтік әріптестік орнаты, ата-аналармен және жалпы жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу, қоғамдастық құру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

Бағдарламаның мазмұны

 

 
   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білі беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?».

Жалпы қоғамда оқушыларға білім де, дағдылар да қажет деген пікірде барлығы бірауыздылық танытып отыр. Оқушылардың білімді жай ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасырдың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылады.

ХХІ ғасырда оқушылардан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдыларды ерте замандағы құрал жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің кенімді серігі болды. Сол сияқты, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі сияқты дағдылар да бүгін пайда болды десек, күпірлік болар. Айталық, Платонның «The Republic» (Республика) деген еңбегінде зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады.

Ал ұжымдық және жеке табыстардың осындай дағдылардың болу, болмауына тәуелді болуы туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің атсалысқаны құба-құп.

 

Мектеп көшбасшылығының түйінді рөлінің дәлелдері

Лейтвуд, Харрис және Хопкинс (2008) біздің мектеп көшбасшылығы туралы не білетіндігімізді анықтауды көздеп, халықаралық зерттеулерге ауқымды шолу жасап, тиімді мектеп көшбасшылығы туралы белгілі бір тұжырымға келді.

 

 

Төменде сол тұжырымдар келтірілген:

1.     Балаларды оқытудағы әсері жағынан мектеп көшбасшылығы тек сыныптағы оқыту үдерісінен ғана кем түсіп, екінші орын алып отыр.

2.     Табысты көшбасшылардың барлығы дерлік негізгі көшбасшылық  қасиеттердің бірдей жинағын қолданған екен.

3.     Көшбасшылардың осы негізгі көшбасшылық қасиеттерді қолдану тәсілдері олардың өздері жұмыс істеген жағдайларды ескергенін көрсетеді.

4.     Директорлар қызметкерлердің ынтасына, жұмысқа берілгендігіне және еңбек жағдайларына ықпал ете отырып, жанама және анағұрлым тиімді тәсілмен оқыту мен оқытуды жақсартады.

5.     Мектеп көшбасшылығы қызмеркелер арасында бөлінген жағдайда мектеп пен оқушыларға ықпалы күштірек болады. 

6.     Жеке қасиеттердің әртүрлі болатыны көшбасшылықтың типтері де әртүрлі болатынын түсіндіреді.

 

 

 

 

Мектеп көшбасшылығы туралы түйінді мәселелер

Директорлар бүкіл мектепте өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы болатын болса, Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) да көшбасшылық компоненттерін қамтуға тиіс. Қазақстан мектептеріне қатысы бар мәнмәтіндік факторларды анықтаудан бастау қажет. Бурке-Литвин моделінде (1992) қазақстандық мектеп мәнмәтіні туралы негізгі мәселелерді қалыптастыруда пайдалы бола алатын құрылым ұсынылған, директорлар өзгеріс енгізуді бастамас бұрын оны қолданып көргілері келуі мүмкін.             3-суретте мектеппен байланысты негізгі факторлар біріктірілген. Бұл модель өндірісті ұйымдастыру саласынан бастау алған әмбебап модель болғанымен, оны оқушылардың оқуына жағдай жасаушы және дамытушы ұйым ретінде мектеп мәселелерін қарастуда да қолдануға болады.

 

 

 

 

1.     Сырт жағдайлар

ХХІ ғасырла оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігінің негізгі себептері қандай?

Қазақстанда өзгеріс енгізуге ықпал ететін негізгі сыртқы факторлар қандай?

 

2.     Миссия мен стратегия

Қазақстандық мектептердің жалпы құндылықтары қандай? Олар рухани мақсат туралы нақты мәлімдеме түрінде айтылуы мүмкін бе?

Осы жалпыға ортақ құндылықтарды ұстана отырып, мектеп өзгерісті қалай енгізеді?

Рухани мақсатты сақтай отырып, даму мақсатына қалай қол жеткізуге болады?

 

3.     Көшбасшылық

Қазақстандық мектеп басшыларының өз әріптестеріне деген көзқарасы қандай және оның мінез-құлқын ұйым қалай қабылдайды? Мектеп қызметкерлері мектеп көшбасшылығының мақсаты өзгеріс екендігіне сене ме?

 

4.     Ұйымдастыру мәдениеті

Қазақстандық мектеп қалай ұйымдастырылған? Қазақстандық мектептер өз жұмысын қалай орындайды? Мектепте қандай ұстаным, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен дәстүрлер басым?

 

5.     Құрылым

Директорлар енгізілген өзгерістердің қарым – қатынасты, міндеттердің орындалуын және жұмыс тәсілдерін жақсартатынын қалай тексере алады? Директорлар құрылымдық өзгерістердің ықпалын қалай анықтайды және мұғалімдердің өзгеріс енгізу қажет екенін және бұл өзгерістердің оларға не беретінін түсінетініне қалай көз жеткізбек?

 

6.     Жұмыс ахуалы

Сырт ұйымдар мектепті қалай қабылдайтынын директор біле ме? Ата-аналар, жұртышылық, әріптестер мен оқушылар мектеп туралы не ойлайды? Мектепте қалыптасқан жұмыс ахуалы жайлы ма? Енгізілетін өзгерістер қалыптасқан жұмыс ахуалына қалай әсер етпек? Оны қалай реттеуге болады?

 

7.     Енгізілетін өзгерістер қоятын талаптар және жеке дағды/мүмкіндіктер

Мектептің мұғалімдер ұжымы педагогикалық қызметке өзгеріс енгізу үшін қажетті білім, түсінік және дағдылары жеткілікті деңгейде меңгерген бе?

 

8.     Жеке қажеттіліктер мен құндылықтар

Директорлар мектеп ұжымының барлық мүшелеріне қалай қолдау көрсетеді және дамытады?

9.     Қазметкерлерді уәждеу

Өзгерістерді тиімділікпен енгізуде қызметкерлердің уәж-ынтасы өте маңызды болатын болса, директорлар өзгеріс енгізу үшін қызметкерлердің уәжі жоғары болуын қалай қамтамасыз етеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                            

 

3-сурет.Бурке – Литвиннің ұйымға өзгеріс енгізу моделі

Директор көшбасшылығына қойылатын талаптар

Бағдарлама директорлардан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап етеді. Біз көшбасшылықты (leadership) қауіп пен жаңашылдықты қабылдай отырып, қуат беріп және басымдықты белгілеу арқылы ортақ көзқарас дамыту деп түсінеміз. Басқару (management) белгісіздікті, сенімсіздікті шектеп, алауыздықты азайтаты, тұрақтылықты нығайтып, болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе құру деген сөз. 4-суретте көшбасшылыққа қойылатын негізгі үш талапқа негізделген осы Бағдарламаның құрылымы көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Көшбасшының жеке қасиеті мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары

Мектеп аясында кәсіби білім алу

Көшбасшылықты бөліңіз. Мұғалімдер мен оқуды дамыту және эвалюациялау жоспарын әзірлеңіз және іске асырыңыз

Әлеуетті арттыру

 

 

 

 

 

 

Алынған деректермен ата-ана және жұртшылықпен бөлісіңіз

Оқыту мен нәтиже

Көшбасшылықты бөліңіз. ХХІ ғасырда оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында бүкіл мектепті қамтитын коучинг пен тәлімгерлік жоспарын әзірлеңіз және енгізіңіз

Өзгерісті қалай енгіземіз?

Үдеріс пен құрылым

Оқыту мен оқуды дамытуда мұғалімдерге қолдау көрсетіңіз

Нені өзгертеміз?

Оқыту мен оқудағы өзгерісті бақылаңыз және бағалаңыз

Оқыту мен оқудың нәтижелерін бақылаңыз және бағалаңыз

Құндылықтар мен мәдениет

Өзгеріс не үшін керек?

 

Жалпы құндылықтар

Ортақ мақсат: балалар ХХІ ғасыр оқушысы бола алу үшін оқытуды жақсарту

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы

Басқа мектептермен ынтымақтастық орнатып, деректермен бөлісіңіз

1.      Ұстанымы, миссиясы мен мақсаттары

Стратегиялар мен өзгерістер

Әрекет ету тәсілдері мен құралдары

Өлшемдер

Кері байланыс пен қайта қарау

 

2.      Көшбасшылық туралы білім және түсінік

 

4-сурет. Бағдарламаның көшбасшылыққа қоятын талаптары және директорлардың өзгерісті жүзеге асыру тәсілдері

А. Құндылықтар мен ұстанымдар. Өзгеріс не үшін керек?

Көшбасшылық – бұл мектеп директорлары барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз – жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас. Бұндай қарым-қатынас үшін өзара әрекет айтарлықтай маңызды болғанымен, ұйымның дамуына қосылған нақты үлес ортақ бағыттың пайда болуы болмақ (Leithwood and Day, 2007).

Табысты көшбасшылық болашақ туралы ортақ көзқарас қалыптастыра отырып, маңызды, қысқа мерзімді мақсатқа қатысты бір тоқтамға келуге көмектесе және қызметкерлердің жұмысына үлкен үміт артылатынын көрсете отырып, ұйымды бір мақсатқа жұмылдыруға ұмтылады (Leithwood et al,2008).

 

Қорыта келе айтарымыз,

·        Директорлар мектеп туралы ұстанымның дамуын басқарады. Олар әділдік, этикалық тәжірибе және үздіксіз оқу қағидаттарын басшылыққа алып, жастар мен ересектерді оқытып, дамытуға мүдделі.

·        Директорлар қоғамның өзекті мүдделерін түсінеді, басқарады, делдал ретінде өкілдік етеді және оған қызмет етеді. Бұл стратегиялық көзқарас, мектеп мәдениеті, мектепке енгізіп, дамытуға тырысып, жатқан дәстүрлер мен жағымды идеалдарарқылы көрініс табады. Олар жоғары стандарт белгілеп, мектеп қоғамдастығының бүкіл мүшелері арасында өзара құрмет көрсетілуіне ықпал етеді.

·        Өздерінің жеке кәсіби тәжірибесі арқылы директорлар «өмір бойы білім алуға» үлгі болып, оқушылармен, қызметкерлермен, ата-аналармен және жұртшылық қауыммен қарым-қатынас кезінде бұны қызу қуаттайды.

·        Директорлар оқушыларды, мұғалімдерді, қызметкерлерді және өзін қоса алғанда мектептің әрбір мүшесіне жоғары стандарт белгілеп, оқушыларды мұғлімдер ұжымын, мектеп қызметкерлері мен серіктестерін жігерлендіреді және ынталандырады.

·        Директорлар өнегелілік мұраттарын негізге ала отырып, өздерін шынайы ұстайды. Олар өз тәжірибесі, оқыту қызметі мен ұйымға қатысты құндылықтар мен этикалық тұжырымдамаларды модельдейді.