Орта білім берудегі оқыту мен тәрбиенің ықпалдастығы
Орта білім берудегі оқыту мен тәрбиенің ықпалдастығы
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын ерекше атап, білім беру жүйесін реформалауда жан - жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім саласының қарқында дамуына мүмкіндік туды. Соған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой – өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.Олай болса, тарихи сананы жаңғыртып, тәуелсіздік талаптарына ұрпақты иландырудың жолы ұлттық тәрбие мен шынайы білім. Жалпы қай кезде, қандай қоғамда болмасын тәрбие адам үшін құстың қос қанаты секілді болғандығы аян. Ұлттық мектептің тағдыры әрқашан қазақ зиялыларының басты назарында болды. Өткен ХХ ғасырдың басында алаш ардақтыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді сау, таза, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады. Сондай негіз құра алмасақ, болашақ, келешегіміз күңгірт»,- деген болатын.
Халқымыздың тағы бір ардақты азаматы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», - деп ұлт болашағын ұлттық мектепте ұлттық рухта тәрбиелеу қажеттігін көрсеткен.
2008 – 2009 оқу жылында Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған жаңа білім ордасы оқу – тәрбие үрдісінде «нәтижеге бағытталған сапалы білім беру моделіне қол жеткізуді» басты миссияға ала отырып, жаңа үлгідегі ұлттық мектептің тәрбие жүйесін «Самұрық» атты бағдарламаға жүйеледік.
Білім ұясының әр бір қабаттарын, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формасы, яғни шеберханалар арқылы өз шығармашылықтарын өздері дамытатын креативті орта құру арқылы жүзеге асырдық.
Атап айтсақ, «ҚР Мемлекеттік Рәміздер », «Көшбасшылар» , «Ерлік», «Жолда жүру ережесінің қағидалары», «Әдептілік», «Бабалар» залдары.
«Ұлттық құндылықтар » «Тәуелсіздік тағылымы», «Көркемсөз», «Қысқы бақ» зертханалары. «Кіші индустрия» (шағын бизнес) , «Өзін – өзі тану», «Ғылыми- әдістемелік», «Ақпараттық (Электронды мектеп)»орталықтары ашылып, жұмыс жүргізілуде. Осы орталықтар мен залдар заманауи талаптарға сай жабдықталып, ұлттық рең мен бояулар арқылы ерекшеленіп, тақырыптық мазмұны оқушылардың зерттеу, іздену жұмыстары мен жобаларының нәтижесі арқылы ашыла түсіп, оқушылар экспонаттары және шығармашылық жобалары жинақталып, ұлттық рухпен үндесуде.
Кез – келген ұлтты алға сүйрейтін бірден бір күш білім мен өнер. Білім ұясында өркенді істер мен өрелі қадамдары - оқу мен тәрбиені егіз ұғымдай ұштастырудағы жүйелі жұмыстарының жетістіктерінен көрініс табуда. 2010-2011 оқу жылының ақпан айының 19 жұлдызында өткен «Ұлттық рухты мектеп» атты аймақтық семинар осы жұмыстардың дәлелі бола алады. Нәтижесі «Ұлттық мектеп – рухани ұлағатты орта» атты жинаққа енді.
Мектебіміздегі аталған зертханалар мен орталықтар, клубтар жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына зор ықпал етуде.
Мектеп оқушыларының адамгершілік-рухани сапаларының дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құра отырып, мектебіміздің өзіндік жаңа бренділері қалыптасты. Олар мектеп гимні, жаңа үлгідегі мектеп оқушыларының формасы, «Назғұмыр» би тобы, «Бәйтерек» және «Бейбарыс» оқушылар хоры, «Жас мамандар» хоры шуағын шашқан білім ұясында өзіндік мектеп дәстүрлері қалыптасып, оқушылардың адамгершілік қасиеттері мен белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстанымдарына оң ықпал етуде. «Бақыттың самғау баспалдағы», «Шоқжұлдыз», «Гүлзар», «Жыл оқушысы», «Ғылым күні», «Менің отбасымның дәстүрлері», «Ұландар шеруі», «Бұрымды ару», «Дарабоз», «Наурыз тал», «Достық» т.б.
Білім беру ордамызда, білім мазмұнын жетілдірудің жолдары оқу мен тәрбиенің ықпалдастығы арқылы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі атқарылып жатқан жаңа басымдылықтардан байқауға болады.
Елбасының «100 мектеп -100 аурухана» бағдарламасы аясында 2008-2009 оқу жылы ашылған мектебіміздің жанынан бүлдіршіндерге қазақ тілінде білім - тәрбие беретін «Таңшуақ шағын» орталығы қанатын қатайтып, «Балапан» бағдарламасын іске асыруда аянбай еңбек етуде. Шағын орталықта қазіргі таңда 85 (3 жас пен 5 жас арасында) бүлдіршін және мектепалды даярлық тобында 100-ден астам бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мақсаты:Мектепке дейінгі ұйым-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Сәбилік шақтан бастап әдептілікке,мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, ата-баба мұрасы-өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың құлағына естірте, көзіне көрсете отырып,ойын арқылы бойына сіңіріп, санасына орнықтыру. Шағын орталық 5 бағытта жұмыс жасайды: денсаулық, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік, қатынас.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтың тұрмыстық салт-дәстүрлерді бойына сіңіруде бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылуда.
Шағын орталық жұмысы «Тәй-тәй», «Балбөбек», «Қайнар», «Балапан», «Қарлығаш», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» атты бағдарламалармен жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, «Көптілділік – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа қазақстандық моделі» бағдарламасы да іске асырылуда.
Қазіргі танда бала денсаулығын нығайту ,шынықтыру іс-шаралары жақсы жолға қойылған . Шағын орталықтың шынықтыру шаралары: нүктелі массаж, ұйқыдан кейінгі жаттығулар, аяққа арналған әртүрлі жаттығулар, фито терапия сияқты сауықтыру шаралары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар сесорлық тәрбие: қол бұлшық еттеріне арналған саусақ жаттығулары, Монтессори әдісі арқылы үйретеді.
Арнаулы мамандар мен тәрбиешілердің қырағылығымен бала өмірінің қауіпсіздігі - негізгі назарда. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,өмірге қабілеттілігін арттыруда еңбек етіп жүрген тәрбиешілердің еңбегі ұшан теңіз.Атап айтсақ ,бақша өмірін қызықтап сәби шағын артқа тастап мектепке шығарып салу салтанаты «Біз мектепке барамыз», «Алтын күз», «Тәуелсіздік мерекесі», «Жаңа жыл», «Қыс қызығы», «Наурыз мерекесі», «Аналар мерекесі», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні» сияқты мерекелік іс-шаралар ата-анамен бірге жүргізіледі.
Әсемдікке, әдемілікке, табиғатты аялай білуге, гүлдерге деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеуде мектебіміздегі қысқы бақтағы гүл әлеміне саяхат жасау, оларды күту еңбектеріне баулу, мектеп ауласындағы гүлдердің айырмашылықтарын түсіндіріп отыру, олардың қалай өсіп өнетіні жөніндегі білімдерін кеңейту. Біздің шағын орталықтағы топтардың аталуының өзі Гүлдермен байланысты екінші сәбилер тобы «Қызғалдақтар», естиярлар тобы «Түймедақтар», ересектер тобы «Раушандар» болып аталады. Біз бұл гүлдер атауын берген себебіміз Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналымен әлеуметтік серіктестік негізінде жұмыстар жүргізіп отырамыз. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің дидактикалық материалдарын және боямақ кітаптарын , көркем әдебиетте ертегі кітаптарын, математика сабағында санамақтарын, сауат ашуда «Гүлдер әлемі» әлппесін пайдаланамыз.
Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде «Таңшуақ шағын» орталығы «Ең үздік мектепке дейінгі шағын орталық» «Білім ұясы ІІІ» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде бірінші дәрежелі дипломмен, «Білім ұясы ІІІ» республикалық байқауының «Үздік шағын орталық» номинациясына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген ақыл - парасаты мол мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Орта білім беруді іске асырудағы басымдылықтармен жаңа тенденцияларға тоқталып өтсем «Ресурстық орталық бейіндік оқытуды жүйелі түрде іске асыратын механизм ретінде» тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы іске асырылуда.
ТЭЖ миссиясы: Еңбек нарығының нақты қажеттілігін ескере отырып оқушылардың әлеуметтенуі мен дербестенуіне бағытталған бағдар алды дайындық пен бағдарлы оқыту жүйесі арқылы кәсіпке дейінгі, сапасы жаңа іскерлік дағдыны меңгерген бәсекеге қабілетті, құзыретті оқушылардың білім беру кеңістігін қалыптастыру.
ТЭЖ мақсаты: Қала жағдайындағы ресурстық орталық құру, оны бейінді оқытуды жүйелі түрде іске асыру механизмі ретінде қабылдау.
ТЭЖ педагогикалық мақсаты: Тұлғаның және қоғамның қызығушылығын қанағаттанадыру, аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігі мақсатындағы оқушының жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы және кәсіптік анықталуы үрдісін ресурспен қамтамасыз етуді теориялық негіздеу мен тәжірибеде өндеу.
Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың өзінің жеке басын өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын шығармашылық процесстің қалыптасуы.
2. 60 пайызында ең шешуші құзыреттіліктердің қалыптасуы.
3. Мектеп оқушыларының ойдағыдай әлеуметтенуі
4. Ресурстық орталықтың моделін енгізу және оны ойдағыдай сынақтан өткізу
5. РО бірыңғай оқу жоспарын ойдағыдай сынақтан өткізу.
6. Білім беру үрдісіндегі вариативтілікті дамыту (әр түрлі формалар, технологиялар, мазмұны, бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үрдісінің ойдағыдай жүзеге асуы)
7. БОРО нормативтык-құқықтық базасының кешені
8. РО-тың оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етілуі (авторлық, қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары және оларға ОӘК дайындау).
9. Жалпы және кәсіби білім беру бағдарламаларының шоғырлануы, кірігуі, сабақтастығы негізінде әлеуметтік серіктестіктің моделін сынақтан өткізу.
10. Тораптық ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық кеңістігі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың мерзімі:
1. 2009 – 2010 оқу жылы – эксперименттік-тәжірибе жұмысының теориялық, дайындық кезеңі.
2. 2010-2012 оқу жылдары – экспериментті енгізу (ресурстық орталық бейінді оқытуды жүйелі түрде іске асырудың механизмі.)
3. 2012 - 2013 оқу жылы – жалпылай аяқтау: бейінді оқытуды жүзеге асыру механизмдерін енгізудің жалпы қорытынды нәтижелері.
№ 15 орта мектеп тораптық ресурстық орталықтың координаторы: №8, №9, №16, №18, №2 мектеп-интернаты. БОРО – да жалпы 2011-2012 оқу жылында 140 оқушы білім алады. Оның 59 оқушы 10 сыныпта, 81 оқушы 11 сыныпта білім алып отыр.
Биылғы оқу жылында БОРО-ғы тораптықмектептің5 мұғалімітаңдау курстары бойынша бағдарлама әзірлеп оны облыстықдеңгейде бекітуге ұсынып, облыстықэкспертизадан өтіп бекітілді.Биология пәні бойынша ОӘК толықөткізілді. Әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында ЖОО ҚарМУ ,ҚарМТУ және кәсіптік бағдарды жетілдіру үшін арнайы орта білім беру мекемелері: БГТК, Балқаш маңызды білім беру колледжі, №4КЛ келісім-шарт жасалды. Оқушыларға кәсіпті бағдар беру мақсатында бейіналды оқытуды қолға алып №4КЛ –де №15 орта мектептің8-сынып оқушылары, ұл балалар «Автослесарь» және «Есептеу машинасыныңоператоры»мамандықтары бойынша 2 жылға арналған курсты бастады.
Биылғы оқу жылында 9 сыныптарда 21 оқушы «Автослесарь» мамандығы бойынша, 25 оқушы «Есептеу машинасыныңоператоры»мамандығы бойынша арнайы куәлік алды.
Педагог мәртебесі. Жоғарғы білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру мақсатында мектебімізде қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған педагог кадрларды әзірлеу және олардың біліктілігін арттыру жолдарын жетілдіру жұмыстары атқарылып жатыр. Инновациялық білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде. БОРО-ғы тораптық мектеп мұғалімдері барлық саны 19 мұғалім халықаралық жоба «Intel» бағдарламасын оқып жобалау технологиясын меңгерсе,43 мұғалім халықаралық білім беру жобасы «Шексіз оқыту» құзыреттілікті педагогика, заманауи сабақты жоспарлауды қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы игеруде.
«Білімал» электрондық мектеп. №15 ЖББ орта мектебінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011-2012 оқу жылында «Білімал» электрондық мектеп жүйесі енгізілді.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы ҚР 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі.
Білім беру саласын реформалау және жаңғыртудың негізгі бағыттары ұсынылды. Соның ішінде электрондық оқыту жүйесін енгізу және оны дамыту бағыты.
Мақсаты:Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру реcурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету
Міндеті:
Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикатор:
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады
Электронды мектеп моделі.
ü Білім беруді жан-жақты дамыту, білім беру үрдісін басқару және оқыту басты бөлімі-интернет пен АКТ(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар).
ü Ақпараттандыру құралдарын қолдану педагогтардың қарқынды еңбегіне, сонымен бірге мектеп оқушыларын тиімді оқытуға нақты оң ықпалын тигізеді. АКТ-ны тәжірибеде қолдану үшін жалпы білім беруде педагогтарға тән болуы керек:
• жалпы педагогикалық дағдысы;
• ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын меңгеру дағдысы;
• оқушыларды оқыту барысында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану дағдысы.
Күтілетін нәтижелер:
- кіріктіру функциясы, білім беру процесінің барлық қатысушылар үшін “мүмкіндіктер кеңістігін құру”; қазіргі мектеп алдына қойылған мәселелерді шешу үшін әкімшілік пен педагогтардың күшін біріктіру; мекемде ақпарттық қамтамасыз етудің біріңғай жүйесін құру;
- Білім беру ортасының қоғамнының ағымдағы сұранысына бейімделуі;
- Мұғалімдермен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;
- Педагогтармен оқушылардың ХХІ ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы;
- Педагогтармен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу әдістемелік кешенімен және тағыда басқа еркін таңдауының қамтамасыз етілуі;
- Қашықтықтан білім беру технологиясының дамуы.
«Азаматтық-патриоттық тәрбие беру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жаңа басымдылықтар. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру делінген. Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, ұлттық сәйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.№15 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде Азаматтық-патриоттық тәрбие беру» бағыты бойынша бағдарламасы жасалынып, іс-шаралар атқарылып жатыр.
Мақсаты:мектептің білім беру процесінде оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие берудің қолайлы жағдайларын жасау. Жас ұрпақты отандық мәдени құндылықтарын бағалауға, оның өткен тарихи-мәдени кезеңдеріне құрмет сезімін ояту, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту арқылы тұлғаны әлеуметтендіруге бағыттау.
Міндеттері:
Бірыңғай білім беру процесіне ықпал ететін тәрбие құралдарын кіріктірудің (интеграциялаудың) үлгісін (моделін) дайындау ,сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар арқылы.
Әр оқушының өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасты.
Оқушылардың тәрбиелілігін, денсаулығы мен физикалық дамуына мониторинг жүргізу үшін әдістемелер кешені жасалуда.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында ең басты ұлттық рухани құндылықтар ретінде адам; отбасы; Отан, туған өлке; денсаулық, салауатты өмір салты; еңбек; білім; мәдени мұра; тіл; достық алынған. Осы бағдарларды ұстана атқарылған іс-әрекеттер біртұтас педагогикалық үрдістердің сабақ пен сабақтан тыс шараларында, өнеге сағаттарында әртүрлі жаңашыл технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуда.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы,-2002.-40с.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы, 1997.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж.
4. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдастыруындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы. –Алматы, 2006ж.
5. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.-Астана, 2010.
6. Жұмабаев М. Таңдамалы.-А., «Ғылым». 1992.
7. Жумабаев М. Педагогика. –Алматы., 1993ж.