9-10 сынып оқушыларына арналған тәлімі терең, ғибраты мол онлайн түрде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің атауы «Қаңтарда туған қаламгер» - деген айдармен айшықталды.

Дата: 2021-01-21 14:52:25

9-10 сынып оқушыларына арналған тәлімі терең, ғибраты мол  онлайн түрде дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелдің атауы «Қаңтарда туған қаламгер»- деген айдармен айшықталды.  Әлем мойындаған академик  Қаныш Сәтпаевты  зерделеп, ғалымның нақ бейнесін күллі әлемге мәшһүр еткен Семейлік ұлы жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсекенің өмір жолы мен еңбектері туралы әңгіме өткізілді. Қаламгердің шығармаларында қазақтың тарихын, тарихи тұлғаларын оқырманның көз алдыңа саф қалпында алып кететіндік ерекшелігін айтып өткен қазақ тілі мұғалімі Шегирова Г.А. осындай рухани құнды дүниелерді көбірек оқуға кеңес берді. Өз кезегінде білім алушылар Медеу Сапаұлының  тұнып тұрған «Тірі шежіре» екеніне көздері жеткедерін айтты. Әрине, өскелең ұрпақтың аға ұрпаққа қояр сұрақтары мен сауалдары әлі көп.

Автор: №10 ЖББОМ