1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай «Бауырмалдықты сезіне білдік» атты дөңгелек үстел өтті.
Дата: 2020-02-26 17:15:45
2020 жылдың 26 ақпан күні мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларының қатысуымен 1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай «Бауырмалдықты сезіне білдік» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты:Өскелең ұрпақты достыққа,бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу,елімізде этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға өз үлестерін қосуға және бауырмал болуға баулу.
Аталған іс шарада «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан халқының бірлігінде» атты көрмеге шолу жасалды.Бауырмалдық жайында оқушылар өз ойларымен бөлісті,алған әсерлерін,тілектерін стикерге жазып,тілек ағашына ілді.