Қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай, 10 сынып оқушыларымен « Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы тұлға » атты танымдық сағат

Дата: 2020-02-07 17:40:04
 Қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың  туғанына 125 жыл толуына  орай, 10 сынып оқушыларымен « Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы тұлға » атты танымдық сағат
2020 жылдың 07 ақпанында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай, 10 сынып оқушыларымен « Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы тұлға » атты танымдық сағат өткізілді.Тарих пәнінің мұғалімі Ү.Әбдіғаппар оқушыларға қазақтың белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің ерен еңбегі туралы айтып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Алаш ардақтысы Нығмет Нұрмақов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Н.Нұрмақовтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі жөнінде білімдерін кеңейту, оқушыларды ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету,өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Автор: №9 ОМ