Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

Дата: 2019-06-04 14:48:54
 Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

04.06 күні - 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай №9 ЖББОМ жанындағы «Балбұлақ» сауықтыру лагерінің оқушылары мен жазғы алаң оқушылары мерекелік іс-шараға тартылды. Мектептің спорт залында мерекеге сай патриоттық әндер ойналып тұрды. Жазғы алаң оқушылары арасында Спорттық «Спорт time» ойыны жүргізілді. Жазғы мектептегі бастауыш сынып оқушылары арасында мектеп ауласында "Гүлдене бер, Қазақстан!" тақырыбында асфальтта сурет салу сайысы өтті. «Рәміздерім-мақтанышым » танымдық кеш өтті. Оқушылардың отаншылдыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Автор: №9 ОМ