«Қауіпсіз интернет» туралы іс - шара
Дата: 2019-04-05 10:34:48
Өткізу уақыты:
2019 жылғы 04 – 17 сәуір аралығы
Іс-шараның мақсаты:кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
«Қауіпсіз интернет» іс - шарасына жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Бұл шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата – аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері мәселесін ұсыну, түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты.Сонымен қатар мектепте өткізілген ата – аналар жиналысында да «Қауіпсіз ғаламтор» және «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы ата- аналарға ақпарат берілді.Қазіргі күні интернет желісін пайдаланбайтын адам баласы жоқтың қасы. Бірақ та осы интернет желісінде жас өспірімдердің қаншалықты уақытын кетіріп, өзге адаммен тілдесіп немесе қауіпті ақпараттарды қарап отырғанын ата – аналары үнемі бақылауда ұстаулары қажет. «Интернет көп жағдайда оқу мен қарым – қатынас үдерісіне жағымды әсер еткенімен, өкінішке орай, желіде балалар үшін өрескел тіпті қауіпті ақпаратта кездесіп жатады. Ата – аналар мен мұғалімдерге балалар мен оқушыларды Интернеттегі белгілі бір мазмұндағы ақпараттың зиянды әсерінен қорғауға көмектесу үшін, сондай – ақ, қазіргі заманғы технологияларды қауіпсіз қолдануға үйрету.»