«Кітап рухани байлықтың қайнар көзі» 100 кітап жобасы
19.12 күні Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде «Кітап рухани байлықтың қайнар көзі» 100 кітап жобасы бойынша іс-шара өтті. Бұл іс іс-шара 3 пен 4-ші сыныптар арасында жүргізілді. Бұл іс шараның мақсаты оқушыларға барлық білім кітап арқылы берілетінін насихаттау. Бұл іс шара 4 кезеңнен құралды. Алғашқы кезеңде оқушылармен сұхбат жүргізілді. Оқушылардан кітапттың адам өмірінде алатын орны туралы ой толғанды. Қандай кітаптарды оқығандары жайлы айтылды. Қорытындылау мақсатында кітап туралы шағын ақпаратты интер белсенді тақта арқылы көріп ой түйді.
2- ші кезеңде оқушылар үй тапсырмасына берілген А3 форматына оқыған кітаптары жайлы безендіріліп кітапхана да отбасымен кітап оқыған суреттерін қорғады. Бұндағы мақсат тек қана оқушылар ғана емес ата аналарда бос уақыттарынды балаларымен бірге рухани байлықты молайту. Оқушылар өте жақсы дайындықпен келгенін көрсете алды. А3 форматтарын өте жақсы безендіріп оны сол дәрежеде қорғай да алды.
3-ші кезеңде оқушыларға 2 ертегі берілді. Оны сюжет бойынша топ болып талдап негізгі ойды оқушылармен бірге аштық. Осы ертегілерден оқушылар мақал шығарып, өмірге қажетті кеңесті де үйренді. Байлықтан гөрі адамгершілігі мол нағыз азамат болу деп ойларын қорытындылау. Сонымен қоса оқушылар жаңылтпаштар айтып тілдерін жаттықтырды. Интеллектуалды ойын сұрақтарын топ болып ұяшықты таңдап сұрақтарға жақсы жауап бере алды. Оқушылар белсенді қатысты. Танымдық сабақ өз дәрежесінде өтті.