«Әкем, шешем және мен» отбаслық сайыстың ақпараты

Дата: 2018-09-15 21:47:32
«Әкем, шешем және мен» отбаслық сайыстың ақпараты

Қыркүйек айының 15- жұлдызында Жбб №9 орта мектебінде Астана қаласының 20 жылдығына, Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті.Сайыстың мақсаты оқушылардың өй- өрісін, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын дамыта отырып, салауатты өмір сүруді насихаттау. Ойын бес кезеңде өтті. Отбасылар спорт саласы бойынша өз білімдерін, шапшаңдықтарын көрсете білді.Сайысқа өте жақсы қатысып, белсенділік танытқан топтар Бас жүлде I ,II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қала мектептерінен бес отбасы сайысқа түсті. Сайыста ерекше көзге түсіп, Абай атындағы №2 лицейдің «Толағай» тобы, Атейхановтар отбасы Бас жүлдеге, №5 орта мектеп «Сұңқар» тобы Ерғалиевтер отбасы I орынға лайық деп танылса, №9 орта мектеп «Қыран» тобы Төлеуғазы отбасы II орынды иеленді. №8 орта мектеп «Жігер» тобы Нуримановтар отбасы III орынды жеңіп алды. №2 интернат «Толағай» тобы Мекежанов отбасы сайысқа қатысып, белсенділік танытқаны үшін марапатталды.

Автор: №9 ОМ