«Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» іс- шаралар ақпарат

Date: 2018-09-13 16:55:43
«Тіл тұтастығы  - ел тұтастығы»  іс- шаралар  ақпарат

Ж.Орынтаеваның ұйымдастыруымен "Тіл - біздің тұтастығымыз" аясында 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. 2-4 сыныптар арасында «Сөз көсемі Ахмет», 5-11сыныптарда «Ахмет тағлымы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Тіл әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Шолу барысында оқушыларға  викториналық сұрақтар қойылып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.  Сонымен қатар оқушыларға ақындардың тіл туралы жырлаған өлеңдері ұсынылып, бос уақыттарында кітапханаға кітап оқуға шақырды.Мәнерлеп оқу сайысын «Тіл әлемінде» тақырыбында 5-6 сынып оқушылар арасында өтті. Мақсаты: тіл мерекесіне орай қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатуға атсалысуын қалыптастыру.

 Тіл, Отан, туған жер  туралы  ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Сайыстың басында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, тіл Заңының тарихына тоқталып өтті.

Author: School №9