«Балбұлақ» атты мектеп жанындағы лагерьдің жабылуы

Дата: 2018-06-29 10:52:19
 «Балбұлақ» атты мектеп жанындағы лагерьдің жабылуы

Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей  білуге, ой-өрісін  кеңейту, өмірге деген көз қарасын  дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау.Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

«Балбұлақ» атты мектеп жанындағы лагерьдің  соңғы аптасы балалар үшін көңілді де қызықты болып өте шықты.     

«Менің естен кетпес күндерім» шығарма сайысы, «Кел, ойнайық, күлейік» спорттық сайыс және басқа да шаралар балалардың көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалар лагерьде уақыттарын көңілді де тартымды, мазмұнды өткізді. Соңғы жиында маусымның шығармашылық және спорттық қорытындысы жасалды. Балаларға грамоталар мен естелікке базарлықтар берілді және келесі жылы лагерьде қайта кездесуге тілектер айтылды.

        

Автор: №9 ОМ