Қамқоршылар кеңесінің отырысы Хаттамасы №4

Дата: 2018-05-28 11:34:00

Күн тәртібі: Күн тәртібінде:

 1.«Қамқоршылық кеңесі» тобының атқарған жұмысының жылдық есебі

  Жауапты: мектеп директоры Г.Әби

 2.Жаңа  оқу жылына  жұмыс жоспарын жобалау туралы

 Жауапты: қамқоршылар кеңесінің

 төрағасы Алибаева Қ.Б.

Тыңдалды:

   1. 1-ші  мәселе бойынша мектеп директоры жыл бойы атқарылған  іс –шаралар бойынша   ақпар берді. Онда  мектептің мерекелік іс-шараларына  белсенді  түрде  кеңес мүшелерінің қатысқаны туралы және  сабақ кестесін бекіту, тоқсан сайын кеңес отырыстары өткізілгені туралы айтылды. Кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдауға қатыстырылды.

   «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстыру. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығымен толықтырулар енгізілгені туралы айтып, қамқоршылық  кеңесінің  құрамы құрылып, ата-аналарды 2017-2018 оқу жылындағы мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметін тағы бір айтып өтті.

 2.2-ші мәселе бойынша Мектептегі  Қамқоршылық кеңесінің өкіліне  А.А.Сатиеваға сөз беріліп, кеңестің құрамына: әрбір параллель сыныптардан, курстардан бір-бір ата-анадан; қайырымдылық жасаушылар кіріккенін айтты. Жаңа  оқу жылында кеңес жоспарын жасап, жұмысты күшейту керек екендігін  ескерді және  кеңес мүшелерін   белсенді болуға шақырды.

Шешімі:      мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту жұмысы жалғасын тапсын.

                      Директор                                   Г.Әби

 

 Ата-аналар төрайымы:                 Алибаева Қ.Б

 Хатшы:                                          А.А.Сатиева 

Автор: №9 ОМ