11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2018! атты мерекелік жиынның ақпараты

Дата: 2018-05-25 14:50:23
11 сынып түлектеріне арналған  «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2018! атты мерекелік жиынның ақпараты
2018 оқу жылындағы 25 мамыр күні сағат 10.00-де 11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2018!» атты мерекелік жиынның бағдарламасы бекітіліп, жоспарға сай мектеппен қоштасудың іс-шаралары ұйымдастырылды. 3 қабатта орналасқан Мәжіліс залы соңғы қоңырауды өткізуге арнайы безендірілді. Мерекелік жиынға Балқаш қаласы денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шакенов Ізбасар Өміржанович, Білім бөлімінің бас маманы Касымова Назима Умирзаковна,10 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Сынып жетекшісі – Ерубаева Бақытжан Сериковна бастаған 2017-2018 оқу жылындағы 11 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алды.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды. Келген қонақтар жиналған қауымға таныстырылып, мектеп директоры Әби Гүлден Кенбайқызына сөз берледі. 11 сынып түлектеріне құттықтау тілектерін арнады. Ол 11 жыл бойы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді. Мерекелік жиында 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған өлеңдер, әндер орындап, арнайы сыйлықтарын тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, мұғалімдерге алғыс тілектерін арнай отырып, соңынан етегін басып келе жатқан 10 сыныптың оқу озаты Өмірсерік Назеркеге «Білім» кілтін табыстады. Жиын соңында түлектер, соңғы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушылары Макашев Санжар мен Кәукербек Сағыныш және 1 сынып оқушылары Темірбек Нұрай,Рахметбеков Нұрғанатқа тапсырылады. «Қоштасу» вальсін мың бұрала биледі. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.
Автор: №9 ОМ