Размер шрифта:

«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысының өтілуі туралы ақпарат

Дата: 2018-05-17 14:29:24
«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар   жиналысының өтілуі туралы ақпарат

2018 жылдың 15 мамырда мектебімізді  жалпыұлттық  ата-аналар  жиналысы болып өтті. Жиналысқа  1-11 сынып оқушыларының ата-аналары «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейрім» аналар мектебінің   мүшелері қатысты. Жалпы қатысқан ата – аналар саны 222.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.Ата-аналар жиналысын  мектеп директоры Г.Әби Халықаралық отбасы күнімен құттықтау сөзімен бастады.

Ата-ана  жиналысындағы күн тәртібінің  мәселелері:

Мектептің 2017-2018 оқу жылындағы  жетістіктері бойынша директортың ғылыми ісі-жөніндегі орынбасары Тоқбаева Г. тоқталды.Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Ү. іс- шарлармен таныстырды.11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындыларын директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Ботаханова С.Т тоқталды. Мектептің оқу процесін цифрландыруды дамытуға ата-аналарды тарту туралы «Білім Lend» сайты жайында директордың ақпараттық ісі-жөніндегі орынбасары Қанатов З. ақпарат берді.Қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып бекітілген Алибаева Қ.Б. сөз алып,қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірге отырып  жұмыс жоспарын құрылып жыл бойы жасалған жұмыстарына тоқталды.Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары  өз ойлары мен пікірлерін айтты.

Автор: №9 ОМ