«Наурыз мерекесі – 2018» іс-шараларының ақпараты
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22 күні күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиіп, жер бетінде жаңару, табиғи өзгерістер болатын кез. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні!» деп атаған. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрімізді дәріптеу, Наурыз мейрамының мәнін әрі табиғат пен адамның байланысын түсіндіру, оқушыларымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде де 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Әби Г.К оқушыларды құттықтады. 5- сыныптарда «Наурыз – жыл басы - 2018» тақырыбымен ашық сынып сағаттары өтті. «Мейрім» аналар мектебінің жетекшілері сынып сағттарына қатысты. Наурыз мейрамын оқушыларымызға дәріптеу барысында мектебімізде фойесінде ұлттық қолөнер туындылары мен ақпараттар жинақталған көрме қойылып, спорт залда мереке нақышын айшықтайтын безендіру шаралары жүргізілді. Әр сынып жеке мерекелік бағдарламаларымен өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сыныптар «Наурыз мерекесі -2018», «Наурыз мейрамы - халықтар достығы», «Жігіт сұлтаны», «Ұлы дала ұландары» атты мерекелік іс-шаралардың аясында өткеніміз қайта жаңғырып, оқушыларымызға Наурыз мейрамының маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, зерделенді.