Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты өткізілген іс - шаралар жоспарының ақпараты
Ауғанстанда соғысқан өр рухты ардагерлердің ерліктерін жастарға үлгі ету, ерлікпен қаза болған ардагерлердің рухын қастерлеу, мәңгілік есте сақтау мақсатында ақпан айының 8-15 аралығында іс - шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай шаралар ұйымдастырылды. 8 ақпан күні Ауған ардагерлері И.В. Миглазов, Абзалов Ш.Б. «Әкелер» клубының әкелері шақырылды. Кездесу кешін 8-сыныптың үздік оқушылары жүргізді. Ардагерлерге арнап оқушылар ауған соғысы туралы өлеңдер оқып, ән айтты. Ауған ардагерлері өздерінің басынан өткен сан қилы оқиғаларын және Ауған жерінен туған жерге оралмай қалған сарбаздар жөнінде көздеріне жас алып бір минут үнсіздікпен еске алды. Кеш соңында оқушылар Ауған ардагерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын берді. Кездесу кешінің қорытынды сөзін мектеп директоры Г. Әби жалғастырды.