«Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған сахналық қойылым

Дата: 2018-02-06 14:33:24
«Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған сахналық қойылым

Ақпан айының 2-сі күні «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында қазақ ертегілерінен 3-4 сынып оқушылары сахналық қойылым көрсетті.  

    Акция мақсаты: жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.

         Облыстық дәстүрге айналған акция аясында  2-4 сынып оқушыларына қазақ ертегілері (10 ертегі) берілген болатын. «Қарлығаштық құйрығы неге айыр?», «Жақсылық пен жамандық», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе мен Шығайбай», «Ер Төстік» «Аламан мен Жоламан» ертегілерінің  желісі бойынша көрсетілген сахналық қойылымдарды көрермендер қызыға тамашалады.

Қазақ ертегілері балаларды шындыққа, адалдыққа,  қайырымдылыққа, оқу-білімге, өнерге тәрбиелейді.

Аталған ертегілерді сахналауда балалар рөлдерде ойнай жүріп, ертегілердің мағынасын аша білді.

Автор: №9 ОМ