Қамқоршылар кеңесінің отырысы Хаттамасы №2

Дата: 2018-01-24 13:25:47

Күні:23.12.17

Қатысқандар:  1. 29 сыныптың  ата-аналар комитеті

                            2. «Мейрім» аналар мектебі Жакупова Ж., Бейсекиева С.

                            3. «Ұлағат» әкелер мектебі  Баубеков А.,Талапов А.

                            4.Қайырымдылық жасаушыларЖомартова Г,Қабылданов Б.

Күн тәртібінде:

Жбб№9 орта мектеп қызметі туралы ақпарат
Жауапты: мектеп директоры Г.Әби

Тыңдалды:

1.Мектепте 553 оқушы бар, оның 240 оқушысы бастауыш мектеп оқушылары, 313 жоғарғы сынып оқушылары. Осы орайда мектеп басшысы мұғалімдердің білім беру қызметінің сапасын айта келе, 2017 – 2018 оқу жылының 1 тоқсанындағы білім сапасы мен үлгерімге тоқтала кетті.

Білім сапасы 46%
Үлгерім100%


     Осы нәтиже жұмысты жүйелі жолға қойылғанын, мектептегі мамандардың біліктілігіне аса зор мән берілетінін айта кетті. Сонымен қатар, Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама 2, 5, 7-сыныптарға қатысты екенін айтып, Жбб№9 орта мектебіде қалыс қалмай жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкеніне тоқталды. Сонымен қатар 1- 4 сыныптар үшін ыстық тамақ, байланыс қызметтері үшін жұмсалған қаржы туралы тізіп айтып шықты. Баяндамадан соң мектеп директоры қазіргі таңда спорт секциялары, би, домбыра үйірмелері, қосымша факультативтердің тегін өтілетінін атап көрсетті. Сонымен қатар мектептің есебінде қамқорлықа алынған бала есебі жүргізілетіні, осы балаға арнайы көмектер қарастырылғаны, жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен балалар ыстық тамақпен және қосымша көмектермен қамтамасыз етіліп отырғаны жайлы есеп берілді. Осы орайда келешекте жалпы мектептің дамуына, ахуалына аса мән беріп етене жұмыс атқаратын қамқоршылық кеңестің құрылғанын атап кетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі атты 3 – тарауының 5 бөлімінде көрсетілгендей қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды делінсе, осы бөлімнің іске асуын қамқоршылық кеңестің құзыретіне қалдыратыны жайында айтты.

 

Шешім:
1.ЖБб№9 орта мектеп  директоры Г.Әбидің баяндамасы қанағаттанарлық деп табылсын

2. Қамқоршылық кеңестің жұмысын жолға қою кеңестің төрағасы Алибаева Қ.Б. жүктелсін

  

                                           Директор                                Г.Әби

 

 Ата-аналар төрайымы:                 Алибаева Қ.Б

  Хатшы:                                          А.А.Сатиева

Автор: №9 ОМ