1-11 сыныптар арасында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Дата: 2018-01-13 19:20:17
1-11 сыныптар арасында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

2018 оқу жылындағы 12 қаңтары күні «Елбасы жолдауы дамудың тірегі» тақырыбымен жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа 30 мұғалім, 1-11 сыныптан  282 ата-ана қатысты. Мектеп директоры Г.Әби Мектеп  Биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Соның ішінде  жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты айтып, оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында,білім берудің жаңа сапасы. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын атап айтты. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. "Рухани жаңғырудың" мән-маңызы да нақ осында екенін айтып өтті. «Мектеп тынысы» тақырыбында директордың ғылыми ісі-жөніндегі орынбасары Сәкібай А. мектеп жетістігін айтып, Республикалық жалпы білім беретін негізгі пәндер олимпиадасының 52-қалалық кезеңінде орын алған оқушыларды, ата – аналарын мектеп директоры алғыс хатпен марапаттады.

Автор: №9 ОМ