Қамқоршылар кеңесінің отырысы Хаттамасы №1
Күні:04.09.17
Қатысқандар: 1. 29 сыныптың ата-аналар комитеті
2. «Мейрім» аналар мектебіЖакупова Ж., Бейсекиева С.
3. «Ұлағат» әкелер мектебі Баубеков А.,Талапов А.
4.Қайырымдылық жасаушыларЖомартова Г, Байсалбаева С.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңес қызметінің төрайымын сайлау ,кеңес құрамының мүшелерінің атқаратын қызметтерін белгілеу, таныстыру.
Тыңдалды:
1.Директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен сәйкес,Қамқоршылық кеңесінің бұйрығы мектеп ішінде 02.09.17 жылмен бекітілгенін айтылды. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту үшін, белсенді ата – аналардан сайлау өткізіліп, құрамы бекітілгенін де айтып өтті.
2.Қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып бекітілген Алибаева Қ.Б. сөз алып,қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірге отырып жұмыс жоспарын жасап бекітті.Кеңес мүшелері жоспармен танысып, таныстырылғаны жөнінде қол қойып берді.Қамқоршылық кеңес қызметінің міндеттеріне сәйкес қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналар комитетімен бірлесе отырып мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге қажетті жағдайда қатысады. Тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету жұмыстарына белсене араласады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, төмендегідей шешім қабылданды.
Шешім:
1.2017-2018 оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірге жасалған жұмыс жоспары бекітілсін.
2.Қамқоршылық кеңесінің жоспары бойынша мектеппен бірлесе жұмыс жүргізілсін.
Ата-аналар төрайымы: Алибаева Қ.Б
Хатшы: А.А.Сатиева