Бастауыш пән мұғалімдер арасында өткен қалалық ашық сабақ туралы ақпарат

Дата: 2017-12-19 17:08:58
Бастауыш пән мұғалімдер арасында өткен қалалық ашық сабақ туралы ақпарат

8.12 күні 1 категорияға өтетін бастауыш сынып мұғалімі Қыдуақасова Баян Тайтөлеуқызы «Дүнитану» сабағынан 3 сыныптарға  «Табиғат құбылыстары» тақырыбында қалалық ашық сабақ өткізді. Қала мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері, жас мамандар және білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Ж.А. Айтжанова қатысты. Б.Т. Қыдуақасова сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдала отырып, сабақтың мақсатына жете білді. Талдау барысында әдіскер Ж. Айтжанова мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне оң баға беріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Автор: №9 ОМ