«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында өткізілетін Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өтетін іс-шаралар ақпараты

Дата: 2017-12-14 14:35:33
 «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында өткізілетін Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өтетін іс-шаралар ақпараты

Жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру, елбасына құрмет көрсету,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесінің шаралары ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік!» тақырыбымен стенд безендірілді. «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбымен кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                                                                                               11.12.17 күні «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» дөңгелек үстел 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.                                                                                     11.12.17 күні 7-8 сыныптар арасында «Біз Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 7-8 сыныптардан 10 оқушы қатысты.                                                                                               13.11.17 күні 2-4 сыныптар арасында «Азаматтық қоғам» күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің бастауы!» атты интеллектуалды- танымдық ойын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетімен білім деңгейін тексеру Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.                                                                                                              13.11.2017 жұлдызында «Тәуелсіздік туралы» презентация 7-8 сыныптарда өткізіді.Оқушыларға қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуымен қатар өнеркәсіп пен өндіріс саласы да даму келе жатқаны жайында айтылды.

Автор: №9 ОМ