Қазақстан Республикасы Мемлекетінің «1 желтоқсан -Тұңғыш Президенті» іс –шаралар ақпараты

Дата: 2017-11-30 04:04:12
Қазақстан Республикасы Мемлекетінің  «1 желтоқсан -Тұңғыш Президенті» іс –шаралар ақпараты

      Жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру, елбасына құрмет көрсету,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесінің шаралары ұйымдастырылды. «Елімен бірге елбасы» тақырыбымен стенд безендірілді.    Тұғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы»  І қабаттағы дәлізде (фойе)  кітап  көрмесі ұйымдастырылды. Мектептің ІІІ қабатында Елбасына арналған қабырға бұрышы жасалды.

   «Елбасымыз кемеңгер, көші түзу ел көгерер» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Ү. 7-11 сынып оқушыларымен  дөңгелек үстел өткізді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Автор: №9 ОМ