«Менің отбасым – бақыт мекені» атты қалалық отбасылық форум ақпараты
Дата: 2017-11-30 03:47:27
25.11.2017ж күні қаламызда «Менің отбасым – бақыт мекені» атты Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық отбасылар форумын өткізді. Форумның мақсаты:ата –анамен мектеп қарым қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу.«Ұлағат әкелер кеңесі» қауымымен отбасындағы әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, жайлы мәнді де мағыналы ойлар қозғалып, отбасы құндылықтары, ережелері тақырыбында топтық жұмыстар жасалды. Мектебіміздің «Ұлағат» әкелер кеңесінің төрағасы Баубеков Аманжол Сағынтаевич марапатталды.