«Жемқорлықпен күрес» тақырыбында жиналыс өткізілді

Дата: 2017-11-24 07:58:38
«Жемқорлықпен күрес» тақырыбында  жиналыс өткізілді

Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде мұғалімдер арасында өткізілген өндірістік жиналыста  қарашаның 22 жұлдызында «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында  жиналыс өткізілді.

 Онда мұғалімдерге өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс орындалмаған жағдайда жауапқа тартылатындығы ескертілді. Қай кезде де өзімізді дұрыс ұстап, құқық сақтай білуіміздің жайын ескертті.

Сонымен бірге мұғалімдер мектепте түрлі жұмыстарға оқушылардан қаражат жинамау керектігі, түрлі орындарда демалу, қала сыртына шығуды ұйымдастырудан бас тарту керектігі жайы ескертіліп, қол қойылды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді сынып жетекшілер ата-аналарға да жеткізуі тапсырылды.

Автор: №9 ОМ